Жаңалықтар

"Астана су арнасында" құттықтаулыр қалай өтеді?"

"Астана су арнасында" құттықтаулыр қалай өтеді?"



Как поздравляют в "Астана су арнасы" - Informburo.kz

АСА мерекелік концертінде су есептегіштерді пломбалау туралы қызықты көріністер, бақылаушылар туралы жұмбақтар, жарқын концерттік нөмірлер, әр түрлі конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау болды.

"Өткен жыл мазмұнды, жарқын болды, барлық ұжымның қажырлы еңбегінің арқасында көптеген жұмыстар атқарылды. Біз барлық – жөндеу, инвестициялық бағдарламаларды іске асырдық. Алғаш рет "Нұрлы Жол" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, 30 км астам су құбыры желілері, 17 км астам кәріз желілері ауыстырылды. Желілерді траншеясыз қайта құру бойынша жаңа технологиялар қолданылды. Көптеген заманауи арнайы техника сатып алынды. Астананың 20 жылдығы жақсы өтті. Барлығы толық жұмыс істеді!" –  деп атап өтті "Астана су арнасы" МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден. Ол әлеуметтік салаға қосқан үлесін – бөлімше қызметкерлері үшін салынған жаңа спорт алаңдары, тренажерлер, асханалар жайлы атап өтті. Атқарылған үлкен жұмыс туралы әңгімесінен кейін бас директор көрермендер залының бірінші қатарына жайғасып мерекелік бағдарламаны көруге дайындалды.

Генеральный директор ГКП "АСА" Табигат Зейнулкабден

"Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнұлқабден



Кәсіпқойлардың бірде-бір концерті салалық құттықтау бағдарламаларымен, ұжымның өз ішіндегі тақырыптармен, ерекше әзілдерімен салыстырылмайды. Егер бұған дарын мен ынта қосылса, онда бұл ұмытылмас шоуға айналады. 

"Біз құбырдың үзілуін жоя аламыз, біз құдықтарды тартып шығара аламыз, суды тазалай аламыз. Біз ыстықта және тіпті қатты суықта әрқашан саған көмекке келеміз, өйткені біз – "Астана су арнасы" мамандарымыз", –  дейді АСА әнұраны. Көңілді мотив және күлкілі сөздер тез есте қалады, оларға қосылып әндеткің келеді.


Сондай-ақ, АСА жастар секторы дайындаған концерттік бағдарлама басқа да жарқын нөмірлерге толы болды, көрермендер күліп көңіл көтерді, шапалақтап, "жарайсындар" деп айқайлап жатты. Өйткені, Адлет Сармановтың керемет орындауында Майкл Джексонның биіне, Айсұлу Жұмабек ұсынған "Шамахан ханшайымы" өрнектеріне немқұрайлы қарау мүмкін емес. Малик Ережепова орындаған махаббат туралы әдемі француз әні де әсем болды. Басқа стильде – Еркебұлан Елубаевтан тамаша сөздермен айтылған – рэп: "менің махаббатым сен үшін ғана, сен үшін поэмалар жазамын – әлі де айтылмаған сөз қанша". Басқа орындаушылар да  кәсіби әртістер секілді тамаша әндер орындады.

"Шамаханская царица" Айсулу Жумабек

«Шамахан ханшайымы» Айсұлу Жұмабек 


Адлет Сарманов в образе Майкла Джексона

Майкл Джексон бейнесіндегі Адлет Сарманов 


Ұжымда өзінің "Картунковасы" да бар. КТҚ жұмысшысы Балқия Қанапьянова Жаңа жыл туралы сахнада өзін еркін сезінді. "Тағдыр тәлкегі" атты тақырыпта есептегіштің пломбалауы туралы шағын-спектакльдің қойылымы орын алды. "А, бұл сіз бе, тұтынушы!" – деп пәтер иесін, Астананы Қарағандымен шатастырған АСА-ның мас маманы қуана қарсы алады.


Жұмбақтар да кәсіби мазмұнында болды. "Учаскелерге ол шығады, келісім шарт жасаспағандарды табады. Бұл кім?" –  деп сұрады Ақшақар. "Бақылаушы!" –  деп жауап берді зал

Снегурочка загадывает загадки

Ақшақар жұмбақтар жасыруда 


Какой Новый год без Деда Мороза?

Аяз атасыз қандай жаңа жыл? 


Награждение творческого актива АСА

АСА шығармашылық активінің марапатталуы 


"Кабинетті үздік безендіру" байқауының жеңімпаздары да сыйлықтармен марапатталды. Бұл тапсырма маңызды болды. Кабинетте шырша, мерекелік әшекейлер, дәмді тағамдар  және мерекелік көңіл-күй болуы тиіс еді. Ерекшелену үшін жасампаз болуға тура келді. Мысалы, III дәрежелі диплом иегерлері – орталық диспетчерлік қызмет – тірі шыршаны, Аяз Атаны және тағы да музыкалық сүйемелдеуді ұсынды. Ал ССС-да аққала мен қызғылт торайды жасап шығару үшін қар жиналмады. І дәрежелі дипломды мандарин, кәмпиттен жасалған бірегей шыршалардың молшылығымен таңқалдырған жоспарлы-экономикалық бөлім алды, сонымен қатар Папа Карлоның сияқты сурет салынған ошақ және кабинеттің бейзендірілуін көңілді күйде ұсынды.

Очаг планово-эклономического отдела - победителя в конкурсе "Лучшее украшение кабинета"

"Кабинетті үздік безендіру" байқауында жеңімпаз – жоспарлы-экономикалық бөлімнің ошағы"


Жаңа жылдық көңіл-күй – қарсы алушыларға, сондай-ақ олардың басшыларына байланысты.


https://informburo.kz/special/kak-pozdravlyayut-v-astana-su-arnasy.html