Жаңалықтар

Астана су арнасы» МКК Н.И.Виселовскийді еске алу құрметіне арналған турнирі аяқталды

0C1A6240.JPG

«Астана су арнасы» МКК елорданы сумен қамту мекемесінің еңбек сіңірген қызметкері Н.И. Виселовскийді еске алу құрметіне арналған мини-футболдан 10-шы турнирдің жабылу салтанаты өтті.

0C1A6236.JPG
0C1A6237.JPG

Қызметкерлер арасындағы турнир наурыз айының 28-де басталды. Жарысқа 9 бөлімнің қызметкерлері қатысты: РСУ, КОС, Кәріздендіру қызметі, НФС, Бас механикалық қызмет (СГМ),Орталық-диспетчерлік қызмет (ЦДС), Өнім өткізу қызметі, Су құбыры қызметі, Құрылыс-монтаж учаскесі (СМУ), сонымен бірге құрылысты-монтажды участок. Жарыс күн сайын болды. Турдың қорытындысы бойынша жартылай финалға 4 команда шықты: ЦДС, РСУ, КОС, Су құбыры қызметі.0C1A6238.JPG
0C1A6250.JPG

Бірінші жартылай финалда алаңға ЦДС пен РСУ командалары кездесті. Екінші жартылай финалда КОС және Су құбыры қызметі командалары кездесті.

0C1A6102.JPG
0C1A6114.JPG
0C1A6136.JPG
0C1A6154.JPG

Командалардың финалдық кездесуі 17 сәуірде өтті. 3 және 4 орын үшін Су құбыры қызметі мен ЦДС күресті. Пенальти сериясы бойынша ЦДС командасы жеңіске жетті.

0C1A6165.JPG
0C1A6170.JPG
0C1A6218.JPG

1 және 2 орын үшін КОС және РСУ командалары күресті. Нәтижесінде Н.И.Виселовский есіне арналған басты олжа – КОС командасына бұйырды.0C1A6251.JPG
0C1A6263.JPG
0C1A6261.JPG

Турнирдің ережесіне сәйкес бекітілген "Үздік ойыншы" номинациясы бойынша – Асқар Идрисов (Су құбыры қызметінен) марапатталды.

0C1A6245.JPG
0C1A6246.JPG
0C1A6247.JPG
0C1A6248.JPG
0C1A6249.JPG
0C1A6258.JPG
0C1A6260.JPG
Жыл сайын болатын турнир «Астана су арнасы» МКК әкімшілігі мен кәсіподақ мүшелерінің қолдауымен өткізілді.0C1A6269.JPG
0C1A6272.JPG

Еске сала кетсек, денені шынықтыру және салауатты өмірді насихаттау мақсатымен әр жыл сайын өтетін турнир 2009 жылдың желтоқсан айының 2-де құрылды.

0C1A6267.JPG

0C1A6274.JPG

Николай Иванович Виселовский «Астана су арнасы» МКК 50-жыл ға жуық қызмет етті. Ол еңбек қызметін қалаға су тасудан бастады. Слесарлық қызмет етті, жүргізуші, механик, шеберхана меңгерушісі болды. Николай Иванович «Астана су арнасы» МКК Біінші ардагері» деген медальімен марапатталды.

Николай Иванович кәсіпорынның қоғамдық жұмысына белсене қатысты, соның ішінде спорттық іс-шаралармен айналысты, барлық кәсіпорындардан спорт түрлері бойынша құрама командалар дайындады. Николай Ивановичтің тырысуымен, беделі арқасында, райондық және қалалық жарыстарға кәсіпорын құрама командалары құрылды, спорттық жабдықтар сатып алынды. Н.Виселовскийдің белсенді қатысуымен және қолдауымен «Астана су арнасы» МКК маңындағы және Абылайхан даңғылындағы тұрғын үйлерге жаздық спорт алаңы мен тренажерлық залдар орнатылды.