Цитата |
---|
Толганай Абишева написал: Құрметті Зейнулкабден Табигат Кабденулы! Астана Су арнасы тарифтерді қайдан алады, сіздердің қызметтеріңіз қарапайым халықты қанау ма? Сіздерге ай сайынға көрсеткішті беру үшін хабарласып алу мүмкін емес, ешқана телефондарын көтермейді колл-центр. мен алдыңғы айда көрсеткішті бергенмін, бүгін суға 70 000 теңге шығарып беріпті, мұндай жағдайда халық Сіздерге ешқашан көрсетпейді көрсеткішін. Бірінші халықпен кері байланыс жасау мүмкіндігін қарастыру керек. менде лицевой счет 4515625, суық су көрсеткіші 1 айда 236м2 көрсетіліп, барлығы 1 адаммен есептелген( үй сатылынып алынып 2021 жылы келісім шартқа отырған бойынша) қазіргі таңда 5 адам тұрамыз. бүгінгі күні маған көрсетіп беріліп отырған сумма қазіргі тарифпен есептеліп өте көп сумма шығарып отыр, 70 000-дай. ақпан айында сіздердің операторларыңызға хабарласқанда осы мәселені қалай тиімді шешу жолдары барын сұрағанда маған қате ақпарат берген болатын. нақты тариф туралы толыққанды ақпарат ұсынбай. Маған перерасчетты бұрыңғы тарифпен қайта есептеп, және де жанұядағы толық 5 даммен епесптеп беруді сұраймын. Оң шешім шықпаған жағдайда жоғарғы органдарға шағымданатынымды жеткіземін. |
Бұған дейін Кәсіпорынға тұрғындар санына қатысты келіспеушілік туралы өтініштер түспеген.
Әлеуметтік шиеленістің алдын алу және сумен жабдықтау қызметтері үшін дұрыс есептеу жүргізу мақсатында, Кәсіпорын халықпен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді жұмыс жүргізді. Сараланған тарифтер бойынша есептеулерді түсіндіру мәселелері бойынша ақпараттың қамтылуын кеңейту және хабардарлық деңгейін арттыру үшін Кәсіпорын жетекші телеарналармен ынтымақтасады. «Хабар» (02.12.24 ж.), «24kz», «Атамекен Бизнес» (16.01.2025 ж.) телеарналарында сараланған тариф мәселелері және тарифті қалыптастырудың әртүрлі аспектілері, оның ішінде есептеу қағидалары мен суды тұтынуды оңтайландыру тәсілдері қарастырылған сюжеттер шықты. Сондай-ақ, ірі ақпараттық порталдарда, атап айтқанда «ElordaInfo» (01.01.25 ж.), «Baigenews» (11.09.24 ж.), «Что? Где? Когда?» (20.01.25 ж.), «Астана жалобы» (20.01.25 ж.) сайттарында, қоғамдық көліктердегі экрандарда, БЕО түбіртектерінде және басқа да ақпараттық көздерде мақалалар жарияланды. Бұл материалдар тарифті қалыптастыру қағидаттары, заңнамадағы өзекті өзгерістер және абоненттерге қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған шаралар туралы толық мәлімет береді.
Қосымша, сараланған тариф бойынша дұрыс есептеулер жүргізу үшін тұрғындар саны маңызды рөл атқарады. Тұтынушылардың ыңғайлылығы үшін Кәсіпорын тұрғындар санын өзгертуге онлайн-өтінімдерді рәсімдеуді ұйымдастырды.
Шотта көрсетілген сома қолданыстағы тарифті ескере отырып есептелді, содан кейін 41232,49 теңге көлемінде түзету енгізілді (сумен жабдықтау бойынша – 32 849,87 теңге, су бұру бойынша – 8 382,62 теңге).
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы №163 бұйрығымен бекітілген елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес, «Бұзылған тұтастығы бар, бастапқы тексеру мөртабаны жоқ, сондай-ақ тексеру мерзімі өткен есептеу құралдарын орнатуға және пайдалануға жол берілмейді» (48-тармақ).
Осыған байланысты, Сізге суық және ыстық су есептеуіштерін тексеруден өткізіп, тексеру сертификатының көшірмесін ақпараттық-есеп айырысу учаскесіне ұсыну қажет.
Пәтердегі су есептеуіштері тұрғын үй иесінің меншігі болып табылады, сондықтан есептеуіштерді тексеру иесінің өз қаражаты есебінен жүргізіледі. Қай тексеру қызметін көрсететін ұйымға жүгіну керектігін есептеуіш иесі өзі шешеді. Басты шарт – тексеру тек аккредиттелген зертханаларда жүргізілуі тиіс.