Есепке алу құралдары бойынша ақпарат

ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Астана су арнасы» МКК

суды есептегіш коммерциялық құралдар бойынша

техникалық талаптары

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      ҚР «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы» заңының 6-бабының 1-тармақшасында: табиғи монополия субьектісі заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге», 11-баптың 3-тармақшасында: «табиғи монополияның қызметтерін қолданушы табиғи монополия субьектісінің орнатқан техникалық талаптарын орындауға міндетті». ҚР табиғи монополиясын басқару сферасы бойынша өкілетті мемлекеттік ұйымының түсіндірмесін қараңыз.

     ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының 11-бабында: «Өлшем құралдарының бiрлiктерi  эксплутация шарттары мен оларға қойылған талаптарға сай болуға тиiс».

     ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңының 11-бабының 1,2-тармақшасында: «құрылыс нормалары (ҚН), құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) Қазақстан Республикасы заңнамасының құрамды бөлігі болып табылады».

     2011 жылдың 24 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағдарламасының №570, 1-тармағы «Қалалық аймақтарды сумен қамтамасыз ету жағдайы» 3-бөлімде: «Бос қаражат болмаған кезде, суды жеке есепке алу аспаптарын (ЖЕА) сатып алу және орнату бойынша міндеттерді орындай отырып, пайдалану кәсіпорындары сатып алынған және орнатылатын аспаптардың дәлдік сыныбына назар аудармаған, аспаптардың басты өлшемі баға болды, нәтижесінде суды коммерциялық есепке алудың аспаптық паркі дәлдіктің А және В төмен сыныпты арзан аспаптарымен қамтылды.

       Әлемдегі суды тұтыну көрсеткіштерін мұрағаттауды ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы қазіргі заманғы технологиялар көрсеткіштерді абоненттік қызметтердің стационарлық немесе алып жүретін жабдығымен қашықтан алу мүмкіндігімен біріктірілген, бұл кәсіпорындарда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге негіз болады.

        Суды есепке алудың жаңа технологияларына өтуді бүгінгі күннің өзінде Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында пайдалану кәсіпорындары, негізінен сумен жабдықтау жүйелеріне жаңа пайдаланушыларды қосуға арналған техникалық талаптарды белгілеу кезінде жүзеге асыруда».

    Сумен қамтамсыз ету және су тарту жүйесінде коммерциялық есептегіш құралдарды таңдау, монтаждау және пайдалану туралы әдістемелік нұсқаулықтар (ары қарай әдістемелік нұсқаулықтар) Қазақстан Республикасның құрылыс және тұрғын-үй шаруашылық агенттігінің төрағасының 28.04.2012 жылының №167 бұйрығымен бекітілген.

ҚР өлшем бірлігін қамтамасыз ету және техникалық басқару сферасы бойынша өкілетті мемлекеттік ұйымының түсіндірмесін қараңыз.

 

Заңды тұлғалардың қолданушыларының

суды есептегіш құралдарға қоятын

техникалық талаптары

1.     Жобаланған, салынып жатқан, қайта өңделетін, техникалық қаруландырылған және модернизацияланатын ғимараттар мен құрылысты салушылар үшін, сонымен қатар  пәтерлер үшін суды есептегіш коммерциялық құралдар бойынша қойылатын талаптар,  техникалық жағдайда су құбырларынан алынатын су мен қалдық суды қалалық кәріздерге төгу  бойынша қойылады.

2.     Ғимараттар мен құрылыстарға бұрын қосылған есептегіштерді жаңа есептегіштерге  ауыстыру барысында олар екі түрлі талапқа сай болуы шарт.

1)    Көрсеткіштерді қашықтықта алып отыру үшін қашықтықта суды пайдалану көрсеткіштерін алып отыратын суды есептегіш құрылғыларды міндетті түрде орнату, сондай-ақ ол радиомодуль арқылы болуы керек.

Негіздеме:

-5.12 т. ҚР ҚН 4.01-02-2011 «Ғимараттар мен құрылыстардағы ішкі су құбырлары», 14.11.7т.ҚР  ҚНжЕ 3.01-01Ас-2007 «Астана қаласын жобалау және салу», Әдістемелік нұсқаулық.

ҚР коммуналдық шаруашылық сферасы бойынша өкілетті мемлекеттік ұйымының түсіндірмесін қараңыз.

2)    Суық судың құбыр желісіне метрологиялық С классындағы суды есептегіш құралды орнату міндетті, сонымен қатар көлденең орнату арқылы.

Ыстық судың құбыр желісіне метрологиялық В класындағы суды есептегіш құралды орнатуға болады.

Негіздеме:

-10-тармақ сумен қамтамасыз ету және суды шығару бойынша көрсетілген қызмет көлемін есептеу әдісі, Қазақстан Республикасның құрылыс ісі және тұрғын-үй шаруашылық агенттігінің 26.09.2011 жылының №354 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінің 17.10.2011 жылғы №7257 тіркелген): «Суды коммерциялық есептеу  үшін  максималды түрде сезгіштігі жоғары және нақтылық классы жоғары есептегіш құралдар орнатылады...».

ҚР коммуналдық шаруашылық сферасы бойынша өкілетті мемлекеттік ұйымының түсіндірмесін қараңыз.

Ескерту:  Метрологиялық (А,В,С) классификациясы МемСт Р50193.1-92 (ИСО 4064/1-77) «Жабық каналдардағы су шығының есептеу. Салқын ауыз суды есептегіштер» бойынша көрсетілген.  «Астана су арнасы»  МКК ҚР мемлекеттік стандарты бойынша МемСТ-пен қолданушылардың реестріне енгізілген  және суды есептеу кезінде техникалық талаптарды орындау бойынша осыған жүгінуге құқылы.

  НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Бұрын коммерциялық пайдалунға берілген құрылғыларға (радиомодульсыз және В классындағы), дистанциялық  есептеу және метрологиялық класс бойынша талаптар  мұндай есептегіш құралдарды абден қолданып тоздырып болғанша қойылмайды.

Коммерциялық пайдалануға жіберілген суды есептегіш құрылғы реттен шығып кетсе (радиомодульсыз және В классындағы) жөндеуден кейін тексерістен өткен соң, «Астана су арнасы» МКК қайтадан коммерциялық пайдалануға жібереді және  метрологиялық классқа ұсынылмайды.

Негіздеме:

-          «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының 17-баптың 6-тармағыбойынша: «Пайдаланып жүрген өлшегіш құралдар...толық физикалық тозғанша қолданылады».

Жеке тұлғалардың (тұрмыстық қолданушыларының)

суды есептегіш құралдарға қоятын

техникалық талаптары

1.Жобаланған, салынатын бір пәтерлі тұрғын үй ғимараттарының суды есептегіш коммерциялық құрылғыларға қоятын талаптар  техникалық жағдайда су құбырларынан алынатын су мен қалдық суды қалалық кәріздерге төгу  бойынша қойылады, типтік форманы мына сілтемеден жүктеуге болады.

2.Жобаланған, салынатын көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттарында орналасқан пәтерлердегі суды есептегіш құрылғыларға қойылатын талаптар  техникалық жағдайда су құбырларынан алынатын су мен қалдық суды қалалық кәріздерге төгу  бойынша қойылады, типтік форманы мына сілтемеден жүктеуге болады.

3.Бір пәтерлі және көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттарына бұрын қосылған есептегіштерді жаңа есептегіштерге  ауыстыру барысында олар екі түрлі талапқа сай болуы шарт.

1)    Суды қолдану көрсеткіштерін қашықтықта алып отыру үшін  көрсеткіштерді қашықтықта алып отыратын радиомодульсыз (импульстік шығу көзі бар) құрылғыны орнату.

Негіздеме:

-         6.1.3, 7.1.10 Әдістемелік нұсқаулықтар

-         ҚР коммуналдық шаруашылық саласындағы өкілетті мемлекеттік ұйымның түсіндірмесін қараңыз.

2)    Суық судың құбыр желісіне метрологиялық С класындағы суды есептегіш құралды орнату міндетті, сонымен қатар ол тігінен орнатылуы керек.  В классындағы есептегіш құралды көлденең орнатуға болады.

-         Ыстық судың құбыр желісіне метрологиялық В класындағы суды есептегіш құралды тігінен және көлденең орнатуға рұқсат етілген.

Негіздеме:

-         10-тармақ сумен қамтамасыз ету және суды шығару бойынша көрсетілген қызмет көлемін есептеу әдісі, Қазақстан Республикасының құрылыс ісі және тұрғын-үй шаруашылық агенттігінің 26.09.2011 жылының №354 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінің 17.10.2011 жылғы №7257 тіркелген): «Суды коммерциялық есептеу  үшін  максималды түрде сезгіштігі жоғары және нақтылық классы жоғары есептегіш құралдар орнатылады...».

-         7.2.3, 7.2.4 т. Әдістемелік нұсқаулық

-         Қазақстан Республикасының коммуналдық шаруашылық саласындағы өкілетті ұйымның  бұйрығымен танысу.

Ескерту:* (А,В,С) метрологиялық класстары бойынша классификация МемСт бойынша  50193.1-92  (ИСО 4064/1-77)  «Жабық каналдардағы су  шығынын есептеу. Суық ауыз суды есептегіштер». «Астана су арнасы»  МКК ҚР мемлекеттік стандарты бойынша МемСТ-пен қолданушылардың реестріне енгізілген  және суды есептеу кезінде техникалық талаптарды орындау бойынша осыған жүгінуге құқылы.

Тұрмыстық қолданушылар үшін суды есептегіш құралдардың түрлерін, «Астана су арнасының» МКК талаптарына  сай көрсетілген сілтемеден көруге болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Бұрын коммерциялық пайдалануға берілген құрылғыларға (радиомодульсыз және В классындағы), дистанциялық  есептеу және метрологиялық класс бойынша талаптар  мұндай есептегіш құралдарды әбден қолданып тоздырып болғанша қойылмайды.

Коммерциялық пайдалануға жіберілген суды есептегіш құрылғы реттен шығып кетсе (радиомодульсыз және В классындағы) жөңдеуден кейін тексерістен өтеді,  онда «Астана су арнасы» МКК оны қайтадан коммерциялық пайдалануға жібереді және  метрологиялық классқа ұсынылмайды.

Негіздеме:

-   «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының 17-баптың 6-тармағы бойынша: «Пайдаланып жүрген өлшегіш құралдар...толық физикалық тозғанша қолданылады».