Су қызметтерін толық алынбаған жағдайда қайта есептеу

СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛМЕГЕН ЖАҒДАЙДА ҚАЙТА ЕСЕПТЕСУ


Сумен қамтамасыз ету толық түрде жүзеге аспаған жағдайда қайта есептесу  ҚР  табиғи монополияны реттеу агенттігінің 29.11.2005 жылы  №320 қаулысымен бекітілген «Табиғи монополия субъектілерінің көрсететін қызметтерінің  сапасына қойылатын талаптар бойынша тариф деңгейін анықтау әдісі» арқылы жүзеге асырылады.

Аталмыш әдіс  үй ішінде су деңгейінің қысымының төмендеуі кезінде 1 м3 көлемінде есептеуге негізделеді.  Ғимараттағы жеткіліксіз түрде сумен қамтамасыз  етуді қайта есептету үшін  көрсетілетін қызметтердің сапасын қайта өлшеу арқылы бақылау туралы акт жасалады. Оны қызмет көрсетуші ұйымдар (ПИК, ЖШС және т.б) және «Астана су арнасы» МКК жүзеге асырады.