Новости компании

Признание на высоком уровне!

«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-де Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің атынан кәсіпорын қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстау рәсімі өтті.

Жылы лебіздер елорданың су шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін мамандарға арналды.

Сондай-ақ, Табиғи монополиялар қызметкерлері күніне орай бірқатар қызметкерлер қосымша алғыс хаттармен марапатталды.

Мұндай ілтипаттар әр қызметкердің еңбегінің маңыздылығын көрсетіп, кәсіби қызметте әрі қарай жетістікке жетуге үлкен мотивация береді.