Біздің сүйікті тұтынушыларымыздан атқарған жұмысымызға қатысты оң пікір алу әрдайым қуанышты.
«Астана су арнасы» МКК бас директоры Т.Зейнулкабденнің азаматтарды кезекті қабылдау күнінде тұтынушы қиын жағдайға байланысты үйін орталық сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне қосуға көмек сұрады. Тұтынушыға көмек кәсіпорын есебінен көрсетілді.Тұтынушы «Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнулкабденге көрсетілген көмекке шын жүректен ризашылықпен алғыс хат жіберді.
Ең бастысы уақыт пен күш-жігеріміз жұмысымызды тиімді орындауға, мақсатымызға жетуге және өз еңбегімізді сапалы орындауға жұмсалғандығын білу. Бұл бізге қызметімізді жақсарту үшін қосымша ұмтылыс береді!