36 ЖЫЛ ҚАТАРДА...
36 жыл қатарда...
Виктор Иванович Шефер
Өндірістік бөлімнің басшысы
Виктор Иванович Шефер 1960 жылы наурыздың 27-де Қостанай облысы Федоров районында өмірге келді. Виктор еңбек етуші отбасында дүниеге келді. Анасы – тазалаушы, әкесі – ағаш ұстасы болып қызмет етті.
Әркім өз тағдырын өзі таңдайды
Виктор Иванович мектепте оқыған кезінде суретке түсірумен айналысты және шынайы фотограф немесе комбайыншы болуды армандады, себебі егін жинау да оның жүрегіне жақын болды. Бірақ ата-анасы ұлдарының таңдауына қарсы болды. Ата-анасының айтуы бойынша, бозбала ЦИСИ-ға «сумен жабдықтау және кәріздендіру» факультетіне оқуға түседі.
1982 жылы ЖОО-н тәмамдаған соң, Қарағанды қаласындағы «Қарағанды Энерго-Уголь» кәсіпорынына қызмет етуге жолдама алды. Ол жерде ол сумен жабдықтау қызметінде мастер болып қызмет етті, ал бір жылдан кейін оның қызметі өсіп, жұмыс орнынан тұрғын үй берілді. Виктор Иванович бірінші күннен бастап жұмыс істеу оңай болғандығын айтып мойндайды. Ал бұның бәрі өз жұмыс ұнатқандықтан болатын. Ол өз еңбегінің нәтижелерін көрді және бұл еңбек түрі адамға қажет екенін түсінді. Арада үш жыл өткен кезде Виктор Ивановичті сумен жабдықтау қызметінің аға инженер қызметіне тағайындады. Жылдан жылға ол жоғарғы басшылармен кездесіп, күрделі мәселелердің шешімін тапты. Сонымен қатар, 2005 жылы Виктор Иванович «Астана су арнасы» МКК инженер қызметіне қабылданды. 2006 жылдан бастап Виктор Иванович жапон жобасы обьектілері мен желілер құрылысын қадағалады.
Адал кісі
Виктор Иванович батыл жасампаз, кез-келген тағдырдың соққыларына төтеп бере алды және оларды батылдықпен қабылдады. Сонымен қатар, әріптестері Виктор Ивановичті әр шешімін ақылмен шешетін, тапсырманы дұрыс орындайтын және оның дұрыс орындалуын қадағалайтын маман иесі деп біледі