«Астана су арнасы» МКК қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
«Астана су арнасы» МКК қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
«Астана су арнасы» МКК 1316 қызметкері экологиялық сенбілікке қатысты. Көшені тазалауға бірнеше участок алынды, олар А. Жубанов, Брусиловский көшелері, Абылайхан көпірінен «Ақ бұлақ» өзені жағалауы «Үш құмыра» гүлзарынан Ш.Құдайбердіұлы көпіріне дейінгі аралық.
Кәсіпорынның әкімшілігі «Ақ бұлақтың» жағасындағы жасыл аймақты қоқыстан тазартты, ал қалған қызметкерлер ағаштарды тазалауды ұйымдастырды
«АСА» қызметкерлері бұндай сенбілікті жиі өткізетін болады. Біз сондай-ақ қаламыздың тұрғындары, біздің сүйікті астанамызда тазалықпен тәртіпті қамтамасыз ету үшін күш салуымыз керек, себебі Астана – республикамыздың көркі», - деді «Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден.
Сенбілік тағы да көрсеткендей, «Астана су арнасы» МКК қызметкерлері жаңартуға қабілетті, дәстүрді сақтайтын және жоғары дәрежелі азаматтығы бар адамдар.