Ең жауапты қызмет
Ең жауапты қызмет
Аппасов Ержан Жумабаевич – Төтенше-диспечерлік қызмет (ТДҚ) басшысы. «Астана су арнасы» МКК екі мыңыншы жылдардың басында кездейсоқ келген болатынмын. Бұл жерге жұмысқа мені бір досым шақырған еді. Слесарьлық қызмет біріншіден болашағы үлкен қызметтердің бірі болған жоқ еді. Ержан Жумабаевич: «Мен көп жұмыс істемеймін, кейін кетіп қаламын деп ойладым, бірақ тағдырдың дегені болды», - деп есіне алады. Алғашқы күннен бастап Ержан шеберханадағы кез-келген іске ынтамен кірісті. Төрт жыл бойы ең қиын жағдайларды шебер меңгерді. Кейін бригадирлік қызметке тағайындалды, РСУ №3-те шеберші болды, бінеше жылдан кейін РЭУ №3 басшысының орынбасары болды, 2014 жылы ТДҚ қызметіне жетекшілік етті. Астана су арнасында қызмет ету барысында Ержан Аппасов екі жоғары білім алды, ол: желілер мен коммуникациялар, сумен жабдықтау және суды бұру бойынша мамандықтары. Әріптестері оны ісіне сенгіссіз берілген адам екендігін айтады. Оған кез-келген уақытта қоңырау шалуға болады, ол бірден жұмысқа кіріседі. Сонымен қатар әр ауысымға Ержан Жумабаевич сеніммен қарайды. Желілер бойынша диспечерлер өте сауатты және өз қызметтерін жақсы біледі
Стреске төзімділік, жауапкершілік, адамдармен жұмыс істей алу және жұмысқа деген сүйіспеншілік – бұндай қасиеттер біздің әрбір мамандарымызда бар. Біз барлық бөлімдермен, тұтынушылармен, энергетикалық және жылумен жабдықтау қызметтерімен, қалалық және аудандық әкімшіліктермен қызмет жасаймыз. Мен өз ұжымымды өте жақсы көремін. Біз отандық кәсіпорынның патриотымыз. Мен барлық әріптестерімізге желілер мен нысандардағы жұмыс тек қана жоспарланған, капитал және ағымдағы жоспарлар болғанын тілеймін. Және мүмкіндігінше төтенше жағдайлар – сирек болсын.