Новости населению

«Аз уақытқа келіп ұзаққа қалды»

«Аз уақытқа келіп ұзаққа қалды»

Ержан Ғалымжанович Шәріпов

Техникалық даму бөлімінің басшысы

 

Ержан Ғалымжанович «Астана су арнасы» МКК кездейсоқ келген. «Әдемі ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, өзіме лайықты жұмыс жоқ па екен деп кіріп шыққандығын» есіне алады.

22-жасар Ержан, сол уақытта Қарулы күштердегі әскери қызметті бітірген болатын. Және  ауыр жұмыстан қашпайтын. Кадрлар бөлімінде оған жүк тасушы қызметін ұсынады. Жас бозбала бірден келісе кетеді. Содан бері тағдыр тек жұмыс рахатын ғана емес, жаңа білімдер мен жетістіктер сыйлады.

«Астана су арнасында»  19 жыл қызмет ету барысында екі жоғары білім алды.

ТДҚ бөлімінде слесарьлық қызмет етіп, жыл сайын  қызметтік сатыда лауазымы жоғарлады.

«Біздің жұмысымыз өрт сөндірушілердің қызметі секілді, тәуліктің кез-келген уақытында, күннің ыстығы, аязына қарамай болған аварияны жоюға барамыз. Құбырдың үстінде, құбырдың астында, тіпті судың ішінде де дәнекерлеу керек болған жағдайлар болды, соның барлығын жасадық», - деп есіңе алады Ержан.

Сонымен қатар, 10 жыл қызмет ету барысында өзінің білімділігінің арқасында Ержан Ғалымжановичтің лауазымы жоғарлап, ТДҚ бөлімінің басшысы етіп тағайындады.  «Мен Переход Нина Михайловнаны өзімнің – ұстазым деп білемін. Ол сол кезде ТДҚ қызметіне жетекшілік етті. Маған бұл мамандықтың барлық қыр-сырын үйреткен өте керемет адам. Ол әріптестерінің қызмет етуіне ыңғайлы болуы үшін бар күшін салды», - дейді Ержан.

Арада 5 жыл өткеннен кейін Ержан Шәріповке жаңадан ашылған Техникалық даму бөліміне жетекшілік етуге ұсыныс жасалады. 2014 жылы жаңадан ашылған бөлімде үш қызметкер ғана жұмыс жасады, ал қазіргі кезде бөлімде 15 қызметкер қызмет етеді.  

0C1A3030.JPG



Жалпы менің өмірім құрылды. Және де ол мені өте керемет адамдармен кездестірді. Осыдан 19 жыл бұрын мені, керемет және жауапты адамдар жұмыс істейтін кәсіпорынға әкелгені үшін, тағдырыма айтар алғысым шексіз. Бірақ еркінсуге болмайды, біз алға қарай дамуымыз керек», - дейді ол.   

IMG_0147.JPG