Новости населению

АСА еңбек әулеттері

АСА  еңбек әулеттері

«АСА» ӨЗІНІҢ ЕҢБЕК ӘУЛЕТТЕРІН МАҚТАН ТҰТАДЫ.

«АСТАНА СУ АРНАСЫНДА» БУЯКОВТАР ӘУЛЕТІНІҢ ЖАЛПЫ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 127 ЖЫЛ


Буякова Н.П..jpg

САНЫ ЖАҒЫНАН ҮЛКЕН ӘУЛЕТ БУЯКОВТАР ОТБАСЫ

Оның негізін қалаушы – Виктор Сергеевич Буяков 


IMG-20180521-WA0011.jpg



«Астана су арнасына» 1975 жылы жұмысқа келді. Казіргі кезде Виктор Буяков қызметін жалғастыруда, сонымен қатар мекемеде оның жолдасы және екі баласы қызмет етеді.

Әулет басшысы Виктор Сергеевич Буяков 1956 жылы 19 ақпанда дүниеге келді. Кәсіпорындағы еңбек өтілі – 43 жыл, машинист болып қызмет етеді. Жауапты, атқарушы, үлкен көлемді жұмыстармен жұмыс істейді, кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі зор, «Еңбек ардагері» медалімен наградталды, «Еңбек сіңірген қызметкер» атағына ие болды. 


IMG-20180521-WA0014.jpg

Наталья Петровна Буякова (жолдасы) 1960 жылы 8 қарашада дүниеге келді. Еңбек өтілі 38 жыл, кәсіпорында машинист болып қызмет етеді. Өзінің қызметтік міндеттерін, жетекшінің тапсырмаларын белсенді, адал атқарады. Ұжымда құрметке ие. «Еңбек ардагері» медалімен наградталды, «Еңбек сіңірген қызметкер» атағына ие болды. 


IMG-20180521-WA0012.jpg

Андрей Викторович Буяков (ұлы) 1980 жылы 29 тамызда дүниеге келді. «Астана су арнасы» МКК слесарь болып жұмыс істейді. Еңбек өтілі 20 жыл. Жұмыс барысында өзін кәсіби, білімді, жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Біліктілігін арттыруға ұмтылады, еңбекқор, жұмысқа деген жоғарғы қабілетілікке ие. Әріптестерімен тату қарым-қатынаста, әрдайым ізеттілік пен шыдамдылық танытады. Күрделі жағдайларда шешімдерді дербес қабылдауға қабілетті және қызметінің нәтижесі үшін жауапты бола алады. 


IMG-20180521-WA0013.jpg

Александр Викторович Буяков (кенже ұлы) Кәсіпорында бригадир болып 16 жыл жұмыс істейді. Александрдың басты қасиеттерінің бірі еңбекқорлығы. Қажет болған жағдайда жұмыстан тыс уақытта жұмыс істеуге дайын. Кез-келген жағдайда кәсіпорынға пайда әкелуге тырысады. Өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ұмтылады. Сонымен қатар ол көптеген қасиеттерге ие, креативтілік және дербес жұмыс істеу қабілеті оған күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 

ТЛЕУБАЕВТАР ӘУЛЕТІ

«АСТАНА СУ АРНАСЫНДА» ТЛЕУБАЕВТАР ӘУЛЕТІНІҢ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 80 ЖЫЛ


 

ТЛЕУБАЕВТАР ӘУЛЕТІ

«АСТАНА СУ АРНАСЫНДА» ТЛЕУБАЕВТАР ӘУЛЕТІНІҢ ЕҢБЕК ӨТІЛІ 80 ЖЫЛ


Screenshot_2018-05-22-15-29-03.png


IMG-20180521-WA0023.jpg

Әулет басшысы – Тлеубаев Казкен Салимжанович 1965 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіпорында КОС бөлімінің басшысы болып қызмет етеді. Еңбек өтілі 32 жыл. Кәсіпорында еңбек қызметі кезеңінде Қазкен Сәлімжанұлы білікті маман, жоғары кәсіби, белсенді және ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін көрсетті. Кәсіпорында қызмет ету барысында басшылықтан алғыс хаттар мен марапаттаулар алды.

Тлеубаева Майра Байгазовна 1960 жылдың 22 қазанында дүниеге келді. Кәсіпорында машинист қызметін атқарады. Еңбек өтілі 39 жыл. Майра Байгазовна ешқашанда жұмысқа селсоқ қарап және өз міндеттерін сапасыз орындаған емес. Ұжым арасында құрмет пен сенімге ие. Креативті ойлайды және кез-келген жағдайдың шешімін табады


IMG-20180521-WA0022.jpg

Қазкенұлы Қалихан 1989 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келді. Инженер-механик болып қызмет етеді. Қалиханның ұйымдастырушылық қасиеттері бар, ынталы, күрделі шешімдер қабылдауға дайын екендігін көрсетті, көздеген мақсатқа, үнемі жоғарғы дәрежелерге қол жеткізеді.

Бұл «Астана су арнасында» қызмет етіп жатқан еңбек әулеттерінің бір бөлігі ғана.

Оларға құрмет пен мадақ!