Балаларды қорғау күні
Баларды қорғау күні
1 маусым күні Астанада Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Осы мерекенің мақсаты мүгедек,жетім, аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы балаларға өздерін бақытты сезінуге мүмкіндік беру.
«Астана Су Арнасы» МКК-ның Бас директоры Зейнулқабден Табиғат балалардың бақытты қуаныштарымен бөлісті. Ол 1-ші маусымда Сәбилер үйінде өткен мерекелік іс-шараға белсенді қатысқан болатын және балаларға жұмсақ ойыншықтар сатып алуға сертификаттар сыйлады.
Сонымен бірге №11 емханада есепте тұрған басқа балаларға арналған көңілді бағдарлама өтті. Осы мерекеге Зейнулқабден Табиғат қатыса алмады. Дегенмен, мереке аяқталғаннан кейін, іс-шараға қатысқан 40 –тан аса балаларға конструкторлар,қуыршақтар, жұмсақ ойыншықтар сатып алуға сертификаттар сыйға берілді.