Новости населению

«Адамдарға қажет болу»

«Астана су арнасы» МКК бас директорының

пайдалану жөніндегі орынбасары

Вилков Сергей Владимирович

 IMG_1153.JPG


                                        

«Адамдарға қажет болу»

 

«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Астана қаласының ірі кәсіпорындарының бірі болып саналады. 60 жыл бойы біздің кәсіпорын қала және оның шеткі кенттерінің тіршілігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттердің бірі - оның тұрғындары мен кәсіпорындарына сумен жабдықтау және су бұру қызмет көрсетулерін ұсынумен айналысып келеді.

Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің негізгі дамуы өткен ғасырдың 70 және 80 –жылдары басталған. 1980 жылы Сергей Владимирович ЦИҚИ 3 курсын аяқтағаннан кейін «Горводоканал» трестінің Қалалық су құбыры учаскесіне өндірістік тәжірибеден өтуге келген. Сол кезде екі участок қана болған. Қалалық учаскесі - қала мен шағын ауданының орталық жағына, ал Темір жолы учаскесі – бұрынғы Тың темір жолы желістерінің ведомстволарына қызмет көрсеткен. Қаланың аумақтық аудандарын құру кезінде су құбыры учаскелері Ленин және Кеңес болып қайта аталған.

Оқуын жалғастыра отырып, Сергей Вилков «Горводоканалға» слесарь қызметіне жұмысқа тұрды және институтты аяқтағаннан кейін Ленин ауданының су құбыры учаскесіне мастер болып тағайындалды. Сол кезде учаскінің бастығы А.Н.Чумин болатын – жоғары сыныпты маман, осы кісіден пайдалану жөнінде көп тәжірибе алған.  

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев астананы еліміздің орталығына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Осыған байланысты «Астана су арнасы» МКК-ның статусы да жоғарлай бастады және астананың тиісті деңгейіне жету керек болды.

Астана су арнасының жұмыскерлері өздеріне жүктелген жауапкершілікті түсіне отырып, жыл сайын өздерінің кәсіби біліктіліктері мен білімдерін жоғарлатып отырады. Қалалық биліктің бізге деген көзқарастары өзгерді, су-кәріздік нысандардың құрылысы мен қайта салуға үлкен миллиардты қаражаттар бөлінген – ол Жапон жобасы бойынша бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта салумен d=1400 мм суағардың үшінші тізбегінің, жаңа магистральді суағарлардың және кәріздік коллекторлардың құрылысы.

Бізде астаналық кәсіпорын ретінде жаңа технологияларды, өндіріске ғылым мен техниканың замануи жаңалықтарын енгізу мен пайдалану әдістерін зерделеу мүмкіндігі пайда болды. Біздік кәсіпорнының мамандары ТМД, Еуропа және Азия елдеріндегі халықаралық көрмелерге, семинарларға қатысып тұрады. Тәжірибемен алмасу бойынша Париж, Йокогама, Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Красноярск, Алматы қалаларының су арналарына барған. Қазіргі уақытта жобалау мен құрылыс кезінде құбыр өткізгіштердің төзімділігі жоғары шойын, пластик және полиэтилен сияқты жаңа материалдар қолданылады. Жоғары пайдалану сипаттамалары мен қызмет көрсету мерзімі 50 жыл ысырмалар пайдаланылады. Құбырларды салудың траншеясыз әдістері енгізілген.

Бүгінгі күні менің өмірім өз деңгейіне жетті деп ойлаймын. Өзімнің жұмысымды жақсы көремін, соңына дейін оған адал боламын.

Р.S Айта кететін жағдай, Сергей Владимирович «Астана су арнасы» ММ-де 37 жыл қызмет етіп келеді. Еңбек кітапшасында осы кәсіпорынға жұмысқа қабылдау туралы бір жазу ғана бар.