Новости населению

Өз ісіне деген төзімділік пен адалдық

                                                             «Өз ісіне деген төзімділік пен адалдық»

  Қуаныш Сайдуллаұлы Сұлтанбаев 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауылында дүниеге келген. 


IMG-20180613-WA0030.jpg


Қуаныш жас шағынан бастап әке-шешесіне үй шаруасы жағынан көмектескен. Кішкентай кезінен көгершіндерді жақсы көрді. Қазіргі уақытта да өзінің қызығушылығын тастамай, жұмысынан тыс уақытын көгершіндерімен өткізеді, олардың жоғарылап ұшып бара жатқандарына қызығушылықпен қарап отыратынын айтады. Жас шағынан бастап Қуаныш әскери қызметші болғанын армандады. Мектеп бітіргеннен кейін бірінші кездері әскери училищесіне түсуін ойлап жүрді. Дегенмен, тағдыры басқаша болды, әкесінің айтуынан бас тартпай, Қуаныш Алматы қаласындағы сумен жабдықтау және су тарту факультетіне түсті. Сол кезден бастап, ол өз ісіне төзімділікпен және адалдықпен қызмет ететінін шешті.


IMG-20180613-WA0032.jpg

Қуаныш «Астана су арнасы» МКК-на бұрынғы басшы Ж.Е.Нұркеновтың шақыруымен келді. Компанияның басшысы белсенді студентті университетте байқап қалып, кейін жұмысқа шақырып алды. Қуаныш сөзсіз келісті. Дегенмен, сол уақытқа дейін Ж.Нұркенов өз қызметінен босатылды. Бірақ өз сөзінде тұрды, кейін Сұлтанбаев 2010 жылы слесарь қызметіне жұмысқа қабылданды. Қуаныш, әрқашан кез келген су бұзуына қатысып отырғанын есіне алады. Қазіргі уақытта Қуаныш Сұлтанбаев Канализация қызметін атқарып келеді. Оның қарамағында - 226 адам жұмыс істейді. Жұмыс ауыр екенін жасырмайды, дегенмен ұжымға сүйенуге болады. Оған қоса апаттар адамдарды жақындастырады, бұл жерде үлкен жауапкершілік қажет – дейді Қуаныш. Оның өз ісіне деген төзімділігі мен адалдығы біріншіден адамдарға қажет. Ол өз жұмысына әрқашанда адал болатынына сенімді. 


IMG-20180613-WA0034.jpg