Новости населению

«Біз халық үшін еңбек етеміз»

«Біз халық үшін еңбек етеміз»

Бектасова Күмісжан Қуанышбекқызы

Өтім бөлімінің бастығы

 

Қала халқының көпшілігіне сумен жабдықтау және су бұру бөлімдері мен бөлімшелері өтім бөлімі арқылы таныс. Ай сайын тұтынушылардың үйлеріне бақылаушылар барады, «Астана су арнасы» МКК абоненттік учаскелеріне күн сайын жүздеген азаматтар келеді, су өлшеу қызметінің диспетчерлері күніне жүзден аса қоңыраулар қабылдайды, қайта есептеу тобының мамандары айына мыңнан аса өтініштерді қарастырады. Өтім бөліміне тұтынушылар арасында кәсіпорынның жақсы атағын шығару үшін үлкен жауапкершілік артылған.

Осы үлкен, тату бөлімді Бектасова Күмісжан Қуанышбекқызы басқарады. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Өзінің еңбек жолын «Астана су арнасы» ММ–нде 2000 жылы өтім бөлімі бастығының орынбасары болып бастаған, 2010 жылдан бастап өтім бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалған. Жұмыс барысында өзін ұқыпты, бастамашы басшы ретінде көрсетті, қызметкерлері арасында беделді. Өзінің бай тәжірибелік өтілін жас мамандарға көрсетіп, оларды кәсіби жоғарлауға ынталандырады.

Бүгінгі күні бөлімде өз жұмыстарына адал және жақсы білетін 231 жоғары білімді инженерлік-техникалық мамандар және 91 бақылаушылар қызмет атқарып келеді.

Өтім бөлімінің мақсаты сумен жабдықтау кәсіпорнының қызметіне тұтынушыларды адал көзқарастарымен қарату, оның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Тұтынушылардың ыңғайы үшін қаланың әр аудандарында орналасқан 5 есеп айырысу-абоненттік учаскелері жұмыс істейді. Тұтынушы есеп айырысу-абоненттік учаскесіне барған кезде, сумен жабдықтау және су бұру қызмет көрсетулеріне есептеулер туралы ақпарат ала алады, төлемдерді салыстырып тексерулер жүргізе алады, қызмет көрсетулерге комиссиясыз төлей алады, құқық орнатушы құжаттардың негізінде шарттар жасай алады, есепке алу құралдарының көрсеткіштерін беріп және қызықтыратын сұрақтары бойынша толық және дұрыс ақпарат ала алады. Су-кәріздік қызмет көрсетулерге дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша іс-шараларды орындау мақсатында борышкерлерді судан ажырату үшін бригада құрылған. Су өлшегіштердің көрсеткіштерін қашықтықтан шешу бойынша топ жұмыс істейді, аталған топ есепке алу құралдарының радиомодульдерінің үйлесімдерімен тұтынушылардың мазаларын алмай, көрсеткіштерді радиотерминал арқылы шешумен айналысады. Бұл көрсеткіштердің нақытылығын қамтамасыз ете отырып, жұмысты біршама жеңілдетеді.

Мен әр-түрлі адамдармен жұмыс істегенді, кез келген қиын жағдайларда шешім қабылдауды ұнатамын. Бұл жерде қызық жұмыс және өте керемет ұжым. Мен жұмысымды жақсы көремін, ал ең бастысы біз халық үшін қызмет етеміз.

IMG_7212-14-08-18-03-39.JPG