Новости населению

Жаңа қызметтерге тағайындаумен құттықтаймыз!

Жаңа қызметтерге тағайындаумен құттықтаймыз!

«Астана Су Арнасы» МКК ұжымы Нұрмағамбетов Қанат Қабдырахымұлын және Тенбаев Қайрат Ермұратұлын жаңа қызметтерге тағайындаумен құттықтайды.

Ағымдағы жылдың 12 шілдеде «Астана Су Арнасы» МКК Бас директоры Табиғат Зейнұлқабден аппараттық кеңес жүргізді, сол кеңесте кәсіпорнының ұйымдастыру құрылымындағы бірнеше өзгерістері туралы айтқан болатын. Атап айтқанда, өтім жөніндегі бас директордың орынбасары қызметіне, бұрын заң бөлімінің бастығы қызметін атқарған Қ.Қ.Нұрмағамбетов тағайындалды. Осы бөлімшенің құрамына - Өтім бөлімінің, Заң бөлімінің, Метрология қызметінің және Баспасөз орталығының қызметкерлері кіреді.

Сонымен қатар басқарушы директордың қызметіне Қ.Е.Тенбаев тағайындалды. Бұрын мемлекеттік сатып алулар қызметін атқарған. Қазіргі кезде оның тікелей қарамағында  - мемлекеттік сатып алулар бөлімі, материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі, инновациялық-ғылыми және техникалық дамыту бөлімі, автоматтандырылған жүйелер мен ақпараттық технологиялар бөлімі, құжаттық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі бар.

«Астана Су Арнасы» МКК мамандары Қанат Қабдырахымұлы мен Қайрат Ермұратұлын кәсіби қызметтерін атқару барысында өздерін жоғары деңгейдегі кәсіпқой жетекшілері деп бағалады, сол себептен «Астана Су Арнасы» МКК барлық ұжымы атынан Сіздерді жаңа қызметтеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!


0C1A3770.JPG

 

НҰРМАҒАМБЕТОВ

Қанат Қабдырахымұлы

(өтім жөніндегі бас директордың орынбасары)

Нұрмағамбетов Қанат Қабдырахымұлы 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Білімі жоғары.«Фемида» Қарағанды Заң Академиясы (2003-2008 жж) заңгер мамандығын және Орталық-Қазақстандық Академиясы  (2014-2016 жж) «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын аяқтаған. Заң ғылымдарының магистрі академиялық атағы бар. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы: «Қызмет көрсетушілердің іс-әрекеттеріндегі заңдылықтар», «Жер астындағы суларды – қатаң бақылауға алу», «Есептеу құралдарын орнату – отбасылық бюджетін үнемдеуге қадам басу», «Төленбеген су қанша дебиторлық қарыз тудырады», сонымен қатар қылмыстық  құқығы туралы бірнеше мақалалары бар.   

Өтім бөлімінің тиімді жұмысын ұйымдастыру, стратегиялық және тактикалық маркетингі – жоспарлау және тиімді іске асыру бойынша курс-семинарлардан өтті.

Жалпы жұмыс өтілі -12 жыл.

Өзінің еңбек жолын 2006 жылы «Қарағанды облысы мобилизациялық әзірлеу, азаматтық қорғаныс, апаттар мен дүлей апаттарды алдын алуды ұйымдастыру және жою жөніндегі департаменті» ММ объект инженері болып бастады.

Коммуналдық шаруашлығы саласында (су шаруашылығы қызметін ұсыну) 2010 жылдан бастап еңбек атқарып келеді. «Қарағанды Су» ЖШС өтім бөлімінде заң кеңесшісі, заң бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген (2012-2016 жж).

2016 жылы «Астана Су Арнасы» МКК заң бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалған.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Астана Су Арнасы» МКК өтім жөніндегі бас директордың орынбасары.

Үйленген, бір бала тәрбиелеп отыр.



0C1A3783.JPG

 

ТЕНБАЕВ

Қайрат Ермұратұлы

(басқарушы директор)

Тенбаев Қайрат Ермұратұлы 1977 жылы 7 қаңтарда дүниеге келген, Қостанай облысының тумасы. 

Арқалық педагогикалық институты (1995-1999 жж) және Орталық Азия Университеті (1999-2003 жж) «Құқықтану» мамандығын аяқтаған. «People You Need» ЖШС – «Қазақстан Республикасындағы сатып алуларды құқықтық реттеу», «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС – «2008 жылы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау», Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер одағы – «Стратегиялық көрсеткіштер жүйелерін әзірлеу (Balanced Scorecard) және оны енгізу бойынша жобаны басқару», «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС – «2008 жылы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау», «Сигма» Консалтинг компаниясы» ЖШС –«СМК ИСО 9001,ИСО 19011 ішкі аудитор», «Эрнст энд янг» ЖШС - «Қаржыгерлерге емес қаржы» тақырыптары бойынша біліктілікті жоғарлату курстарынан, семинарлардан және тағылымдамалардан өтті.

Жұмыс өтілі – 17 жыл. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде офицер болып бастаған. Кейін келесі құрылымдарында әртүрлі қызмет атқарған: «Инжиниринг орталығы және технологиялар трансферті» АҚ - Инновациялық инфрақұрылымдарын дамыту департементінің менеджері (2003-2005 жж); «Ұлттық инновациялық қоры» АҚ – Басқарма Төрағасының көмекшісі, Корпоративтік дамыту департаментінің қызметкерлерді басқару жөніндегі менеджері (2005-2006 жж); «Ақпараттық технологиялар паркін» басқару жөніндегі компания» ЖШС - қызметтерді ұйымдастыру бөлімінің бас менеджері (2006-2007жж); «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ - Әкімшілік департаментінің директоры, Қауіпсіздік және әкімшілік жұмысы департаментінің директоры, заң департаментінің бас маманы (2007-2009 жж); «Самұрық Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ - Әкімшілік департаментінің директоры (2009-2011 жж); «Қазақстанның Даму банкі» АҚ еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ - Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры (2012-2014жж); «Казимпэкс» Республикалық орталығы» АҚ - Басқарма Төрағасының Кеңесшісі, Коммерция департаментінің директоры, Аутсорсинг және пайдалану департаментінің директоры, Басқарушы директор – Басқарма Мүшесі (2014 – 2016 жж). 

2016 жылдың желтоқсан айында «Астана Су Арнасы» МКК материалдық-техникалық жабдықтау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Астана Су Арнасы» МКК Басқарушы директор. 

Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.