Новости населению

«Астана Су Арнасы» МКК кәсіподағы «Құрбан Айт» мерекесіне 70 пакет азық-түліктер мен ет үлестірді

«Астана Су Арнасы» МКК кәсіподағы «Құрбан Айт» мерекесіне 70 пакет азық-түліктер мен ет үлестірді.

«Астана Су Арнасы» МКК мұсылмандардың ең басты мерекесі «Құрбан-Байрам» атап өтті. Осы мерекеге орай қызметкерлердің аз қамтылған және көп балалы отбасыларына көмек көрсету үшін азық-түліктер мен ет сатып алуға кәсіподақ қорынан ақша қаражаттары бөлінді. Ең қажетті азық-түліктермен барлығы 70 пакеттер үлестірілді, нақты айтқанда – өсімдік майы, жармалар, ашытқан сүт өнімдері және шайға арналған тәттілер бар. Сонымен қатар міндетті құрбандық шалу рәсімін өткізді. Барлығы 2 «ІҚМ» және 1 «ҰҚМ» құрбандыққа шалынды. 

0C1A3804.JPG0C1A3805.JPG


0C1A3807.JPG0C1A3808.JPG

Құран бойынша, Құрбан Айт өзінің бастауын Алланың Ибрахимге жіберген сынағынан кейін пайда болған. Пайғамбар, 86 жасына дейін бала сүймеген көрінеді, тек 86 жасқа келгенде ғана бірінші ұлі Исмаил дүниеге келеді. Бір күні Ибрахим түсінде Алланы көреді, ол оған жалғыз ұлын құрбандыққа шалуды өтінеді. Алланың өтінішіне қарсы келе алмаған Пайғамбар қазіргі Мекке қаласы тұрған жерге, яғни Мина өзенінің жағасына келеді. Осында барлық дайындықтарды жасайды. Әкесі сияқты Аллаға берілген Исмаил әкесіне қарсы келмейді. Пайғамбар енді салтты жасай бергенде Алла оны тоқтатып, сен менің сынағымнан өттің, маған шын берілгендігіңді дәлелдедің дейді. Сөйтіп құрбандыққа шалуға қой береді. Содан бастап Құрбан Айтта құрбандыққа қой шалу дәстүрі басталыпты.

0C1A3814.JPG0C1A3817.JPG


0C1A3819.JPG0C1A3821.JPG


0C1A3822.JPG0C1A3823.JPG

«Құрбан Айттың» екінші күні «Астана Су Арнасы» кәсіпорнында мерекелік дастарқан жайылады. Барлық қызметкерлерге дәстүрлі тағам – бесбармақ дайындалады және қайтыс болған аруақтарға дұға оқытылады.



0C1A3824.JPG0C1A3827.JPG
0C1A3829.JPG0C1A3830.JPG
0C1A3831.JPG0C1A3835.JPG
0C1A3842.JPG0C1A3844.JPG