«Астана Су Арнасы» МКК өтініштерді 109 қызметі арқылы қабылдайтын болады.
«Астана Су Арнасы» МКК өтініштерді 109 қызметі
арқылы қабылдайтын болады.
2018 жылдың 10 қыркүйектен бастап, бұрын АДҚ қызметіне келіп түсетін, Астана қаласының тіршілікті қаматасыз ету нысандарымен байланысты, апаттық және басқа жағдайларға қатысты барлық өтініштер,109-нөмірі бойынша «I-Көмек» қызметі арқылы қабылданатын болады.
Бірыңғай орталығы қаланың көптеген қызметтерімен өзара әрекеттестікте, қазіргі кезде осы қызметтердің тізбесіне «Астана Су Арнасы» МКК қосылды.
109 қызметі -«Facebook», Twitter, және Instagram әлеуметтік желілерінде кең ұсынылған, сонымен қатар электронды поштасы бар. Әлеуметтік желілер арқылы өтініш еткен жағдайда, өтініш берушінің нақты мекен-жайы, мәліметтері және байланыс телефондары көрсетілуі тиіс. «109» тарауы «Смарт Астана» - бұл «Астана инновейшн» компаниясы әзірлеген ұялы қосымшасында бар.