Новости населению

«Жұмыс тәртіпті ұнатады»

«Жұмыс тәртіпті ұнатады»

Бас энергетик қызметі

Абишев Ардақ Аманкелдіұлы

 

Бас энергетик қызметі - кәсіпорнының жетекші қызметтерінің бірі болып табылды. Қызметтің құрамына: релелік қорғаныс және автоматика тобы, электр жабдықтарын сынау және жөндеу бойынша цехы, жедел диспетчерлік қызметі, электр қозғалтқыштарын қайтадан орау бойынша цехы кіреді.

Қызметті Абишев Ардақ Аманкелдіұлы басқарады.

energy.jpg

Өзінің еңбек жолын 1992 жылы Павлодар қаласында бастады. Жұмысына шығармашылық көзімен қараған болатын. Бастапқыда балташы болып жұмыс істеді. Он жылдан кейін «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ аға инспекторы қызметіне дейін өсті. Әрине, осымен тоқтаған жоқ. Содан соң 10 жыл ішінде «Энергоорталық» ААҚ қызмет сатысы бойынша көтерілді. Осы жерде ол бақылаушы, электрмонтер, инженер болып, басты қызметіне дейін жетті. Учаскенің бастығы болып қызмет атқарды. 2011-2013 жылдары - «Павлодар Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ ЭБЕҚ бастығы, кейін ААЭЖ директордың орынбасары, 2013 жылдан бастап 2017 жылға дейін Екібастұз қаласында «ҚТС» ЖШС техникалық директор, «Полигон» МКК директордың орынбасары болып жұмыс істеді. Қызмет тізімінің ақырында 2017 жылы Ардақ Аманкелдіұлы «Астана Су Арнасы» МКК энергетика қызметінің бастығы қызметіне жұмысқа тағайындалды.

Ардақ Абишев өзінің кәсіби тәжірибесін үнемі жоғарлатып отырады. Инженердің жұмысы туралы көп әңгіме айтады. Бұл жұмысты кез келген адамдар істей алмайды, өйткені инженер – ол біріншіден қиын шешімдерді қабылдайтын және оның барлық салдарын көздеп отыратын өте жауапты адам болу керек. Сол арада, Ардақ Аманкелдіұлы өзінің алған үлкен инженерлік тәжірибесін цехтағы кіші әріптестеріне ерекше сүйсініп беретінін жасырмайды.

Қазіргі кезде бас энергетиктің қарамағында 28 адам жұмыс істейді. Олардың ең басты мақсаты кәсіпорынды үздіксіз энергиямен жабдықтау. Қызметте жоғары білікті мамандар жұмыс атқарып келеді. Олар энергетика саласындағы қазіргі жетістіктерін енгізе отырып, өз жұмыстарын жылдам, ұқыпты істейді.