Новости населению

АСТАНА ОҚУШЫЛАРЫ СУ БЕЙНЕСІН БЕЛГІЛЕЙТІН СТЕЛАНЫ КӨРІП ҚАЙТТЫ


 

Астана қаласының №40 орта мектебінің оқушылары су бейнесін белгілейтін стеланы көріп қайтты. Экскурсия жетекшісі Искаков Серік,стеланың ересектер мен балалар үшін тәрбиелік маңызы бар екенін  айтты. Стела суға ұқыпты қарауға шақырады. Экскурсия барысында Серік Клышевич, осы металдан жасалған құрылысты орнату идеясын,"Астана су арнасы" МКК бас директоры Зейнұлқабден Табиғат ойлап тапқанын астана оқушыларына айтты. Монумент астананың 20 жылдығына орай қала тұрғындарына сыйға берілді. Стела - су бейнесін белгілейтін, шық тамшысы бар қамыс түрінде жасалған. Стеланың ең басты маңыздылығы - қайта құрудың ауыр кезеңдерінде қала тұрғындарын сусыз қалдырмай, кәсіпорынды сақтап қалған компанияның барлық ардагерлеріне құрмет көрсету. Монумент Абылай хан және Шәкәрім Құдайберді атындағы даңғылар қиылысындағы Ақбұлақ өзеннің жағасында орналасқан..


0C1A4022.JPG0C1A4024.JPG
0C1A4030.JPG0C1A4032.JPG
0C1A4035.JPG0C1A4040.JPG