Новости населению

«АСТАНА СУ АРНАСЫ»МКК СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ –ТУРЫ

«АСТАНА СУ АРНАСЫ»МКК СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ –ТУРЫ

18.09.2018 жыл


ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің департементі және «Астана су арнасы» МКК бірлесіп кезекті  жыл сайынғы баспасөз-турын өткізді. Бару мақсаты – «Астана су арнасы» МКК кәсіпорнының инвестициялық міндеттемелерін жаңғырту және орындау барысымен танысу. Баспасөз - турына Департамент бастығының орынбасары Абай Балабеков,«Астана су арнасы» МКК қаржы және экономика мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары Аскаров Эльдар Ергалиевич, қоғамшылдар және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 


0C1A3944.JPG0C1A3937.JPG


0C1A3943.JPG 0C1A3964.JPG

 

Біріншіден, баспасөз-турының қатысушылары, 1,0 шақырым ұзындығымен д=600-1000 мм кәріз желістерін қайта құру бойынша жұмыстары жүріп жатқан Г.Алиев атындағы көшесіне барып қайтты. Кәріз жүйесін бұрыннан бері қайта құру қажет болды.Бұл, негізінен, оның ескеруіне және қазіргі талаптарға сәйкес келмейтінінебайланысты. Сонымен қатар қазіргі кезде қолданыстағы барлық кәріз жүйелерінің басты проблемасы – ол құрылыстардағы негізгі элементтердің (бетон және металдардың) тоттануы. Қазіргі кезде, пайдалану мерзімін бірнеше рет ұзартуға қабілеттері бар, бірегей,осы заманға сай материалдары қолданылады

0C1A3942.JPG0C1A3950.JPG


0C1A3952.JPG0C1A3954.JPG


0C1A3957.JPG0C1A3948.JPG


Сонымен қатар қатысушылар,тозған сорғы жабдықтарына ауыстыру жұмыстарын жасаған,№43 ірі кәріз сорғы станциясына барып қайтты. №43 КСС – бұл шаруашылық-тұрмыстық, ақаба сулар өз бетінше әкете алмайтын жағдайларда, оларды қайтара айдауға қолданылатын бірқатар құрылыстар кешені.Сұйықтықтар өз бетінше тасылмайтынжағдайларда, осы станциялар қолданылады.Осындай станциялардың жұмыс қағидасы мынадай, су құбыры бойынша келіп түсетін ағындар, сорғы агрегаттары орналасқан қабылдайтын (төменгі) бөліміне түседі. КСС төменгі бөлімінде, сорғыға түсуіне кедергі жасайтын, ірі қоқыстарды ұстап қалатын себет, тырнауыштар, шілтерлер орналасқан. Сорғыны алып шығуға тізбек және бағыттаушы құбыры, ал төменгі жағына түсу үшін, станция құдығында баспалдақ және қызмет көрсету алаңы қарастырылған. Сорғы жұмыстарын қадағалау, датчиктер арқылы жүргізіледі.


0C1A3961.JPG


0C1A3966.JPG


0C1A3977.JPG 0C1A3981.JPG0C1A3983.JPG0C1A4005.JPG

Кейін, акт залында «Астана су арнасы» МКК қаржы және экономика мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары Аскаров Эльдар Ергалиевич2017 жылы және 2018 жылдың 8 айы бойынша инвестициялық бағдарламаны орындау жөнінде нақты ақпарат берді. Ол «Астана су арнасы» МКК – қаланың коммуналдық меншігіндегі 1332 шақырым сыртқы су құбыры желілерін және 806 шақырым кәріз желілерін пайдаланушы кәсіпорындеп белгіледі.

2016 жылдан бастап 2016-2020 жылдарға арналған қолданыстағы инвест бағдарлама кезеңінде 6,5 млрд. теңгеге іс-шараларды орындау жоспарланды. Инвест бағдарламаның негізгі жобалары – тозған энергетикалық жабдықтарын ауыстыру, автоматтандыруды енгізу, ССС және КСС сорап жабдықтарын ауыстыру, су құбыры және кәріз желістерін қайта құру, жабдықтарды сатып алу.

2017 жылдың инвестициялық іс-шаралары 1,4, млрд.теңгеге немесе жоспардан 99%-ға жүзеге асырылды. 

2018 жылдың инвестициялық іс-шаралары бойынша 2018 жылғы 31 тамызға 479 млн. теңге немесе жоспардан 36% 1 329 млн. теңге сомасына төмендегілер жүзеге асырылды:

-   8 кәріз сорғы станцияларында (КСС) 50 млн.теңге сомасына 18 сорғылар ауыстырылды;

-   КСС 4 станцияларында тозған жабдықтардың орнына 25 млн.теңгеге күштік трансформаторлар орнатылды;

-   бекітілген 354 млн.теңге сомасына 4,5 шақырым су құбырлары қайта құрылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың қараша айында толығымен аяқталады, қыркүйек айында 2,2 шақырым жетілдіріледі.

- күз аяқталғанға дейін 373 млн. теңгеге 1,3 шақырым ұзақтығымен кәріз желістері бойынша ҚМЖ аяқталады, 0,4 шақырым орындалды.

-   қараша айында несиелік келісім шарттың талаптарына сәйкес 116 млн.теңгеге су құбырлардың телеинспекция жүйелері орнатылады;

-   ауыз су сапасы бойынша лаборатория үшін желтоқсан айында 32 млн.теңгеге жасалған келісім шарттардың шеңберінде жабдықтар орнатылады;

- 379 млн. теңгеге СКЕАЖ жүйесін енгізуін аяқтау, ағымдағы орындалуы - 196 млн.теңге.;

0C1A3936.JPG


0C1A4007.JPG