"Астана су арнасы" қызметкерлері қалалық спартакиадаға төртінші рет қатысты
"Астана су арнасы" қызметкерлері қалалық спартакиадаға төртінші рет қатысты
Елорданың коммуналдық қызметтері арасындағы Спартакиада төртінші жыл қатарынан өтіп келеді және Тәуелсіздік күні мен энергетика күніне орайластырылған.
Астанада энергия кешені мен коммуналдық қызмет кәсіпорындары арасында спартакиада басталды. Іс – шара төртінші рет өтуде, екі маңызды күн – Тәуелсіздік күні мен энергетика күніне орайластырылған. Биылғы жылы өз командаларын "Астана су арнасы" МКК, "Астана РЭК" АҚ, "Астана теплотранзит" АҚ, "Астана энергия" АҚ, "Астана Тазалық" ЖШС, "Астана зеленстрой" АҚ, "Астанаэнергосервис"АҚ ұсынды. Жарыс спорттың жеті түрінен өтеді: волейбол, футбол, дойбы, шахмат, үстел теннисі, бильярд және тоғыз құмалақ. Ойындар 14 желтоқсанда аяқталады.
Командалардың шеруі
Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьянов қатысушыларға сәтті ойын тілей отырып іс-шараны ашты.
Есіл ауданының әкімі Төлеген Закарьянов іс-шараны ашу барысында
Ашылу рәсіміне кәсіпорын басшылары, соның ішінде "Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнұлқабден қатысты.
Астана қаласының энергия кешені және коммуналдық қызмет кәсіпорындарының басшылары
Спартакиада волейболдан басталды, бірінші ойында "Астана су арнасы" және "Астанаэнергосервис"командалары кездесті
Ойын қарқынды болды, екі команда да жеңіске деген ниеттерін білдірді. Дегенмен, "Астана су арнасы" командасы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз команда капитаны Біржан Жексенбаев ойыннан алған әсерлерімен бөлісті. Ол бөлімшелерінің бірінде бригадир болып жұмыс істейді.
АСА командасының капитаны Біржан Жексенбаев
АСА командасының капитаны Біржан Жексенбаев (суреттің астындағы жазу)
- Қарсыластар өздерін жақсы көрсетті, бүгінгі ойын маған өте ұнады. Мен үшін бұл спорт түрінің маңызы зор, өйткені мен 5-6 сыныптан бастап волейболмен айналысып келемін. Жеңістерден кейін жұмысқа келген ұнайды, өйткені әріптестер құттықтап, кәсіпорын басшылығы көтермелейді. Біз әдетте спартакиадада бірінші-екінші орындарды иеленеміз", – деді Біржан Жексенбаев.
Елена Жамантаева "Астана су арнасында" 1999 жылдан бастап инженер болып жұмыс істейді. Әуесқой волейболын 3 сыныптан бастап ойнап келеді.
Елена Жамантаева-жеңімпаз команданың ойыншысы
– Мектепте, техникумда, институтта, жұмыста көп жылдар бойы ойнаймын. Маған волейбол ұнайды, ләззат береді. Бүгінгі ойын қиын болды, бірақ бірінші ойын әрқашан ауыр, – деді Елена Жамантаева.
"Астана су арнасы" кәсіпорнындағы спорттық қозғалысты әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Мұхтар Абраев басқарады. Ол барлық спорттық іс-шараларды қоғамдық негізде ұйымдастырады. Биыл "Астана су арнасында" өз спорт залы пайда болғанына 10 жыл толды. Жыл сайын онда кәсіпорын бөлімшелері арасында жарыстар өтеді.
Мұхтар Абраев АСА спорт қозғалысын басқарады
- Спортзалды бір кездері бұрынғы басшылардың бірі-Жамбыл Нұркенов салды. Ал осы идеяның рухтандырушысы кәсіпорында 47 жыл жұмыс атқарған, Николай Веселовский болды. Ол кісіні еске алу үшін біз турнирлер өткізіп тұрамыз - деді Мұхтар Абраев.
Жыл сайын " Астана су арнасында " сәуір айында спартакиада басталып, кәсіпорынның туған күніне орай 10 шілде күні аяқталады. Ұйымдастырушылар алдын ала жарысқа қандай спорт түрлерін қосатынын, кім қатысатынын, мерзімін алдын ала келіседі. Спартакиадаға әрқашан қосылып отыратын спорт түрлері: волейбол, футбол, шахмат, дойбы, үстел теннисі, бильярд, гір спорты, арқан тарту. Осы жарыстардың қорытындысы бойынша" Астана су арнасы " қалалық спартакиадада кәсіпорынның намысын қорғайтын құраманы анықтайды.
– Бұл жақсы іс. Бізде өзіміздің спорт залымыз болғандықтан, күн сайын жаттығуға мүмкіндік бар, барлығы алдын-ала жазылып қойған. Әр түрлі спорт түрлері бойынша жаттығулар күн сайын сағат 6-дан 10-ға дейін өтеді. Қызметкерлер үшін олар тегін. Өзге жерлерде ұйымдастырылатын жарысқа кәсіподақтан ақша бөлінеді. Жеңгендерді мақтау қағаздарымен, алқалармен, сыйлықтармен марапаттайды. Кубокты біз сатып алмаймыз, ол бізде ауыспалы. Онда жеңімпаздардың есімдері жазылған. Бұны көрген жастар, оны өте жоғары бағалайды, - деді Мұхтар Абраев.
Қаланың энергия кешендері мен коммуналдық қызметтері арасындағы спартакиаданы төрт жыл бұрын өткізе бастады. "Астана су арнасы" су бұру қызметінің жетекші инженері Елена Микотина бірінші жылы ойындардың "Астана РЭК" базасында өткенін, екінші жылы оларды "Астана теплотранзит" өткізгенін, үшінші рет бұл жауапкершілікті "Астана су арнасы"өз мойнына алғанын айтты. Биылғы жылы Ойындар " Астана РЭК "ғимаратында қайта өтуде. Елена Микотинаның айтуынша, бұл жарыстар кәсіпорын қызметкерлерінің өмірінде үлкен рөл атқарады.
Елена Микотина өз командасын қолдауда
- Жұмыстан кейін шаршағандығына қарамастан, олар әрдайым жаттығады. Бұл олардың хоббиі. Олар үшін спорт та жұмыс та – өмір, - деді Елена Микотина..
https://informburo.kz/special/sotrudniki-astana-su-arnasy-v-chetvyortyy-raz-prinyali-uchastie-v-goro...