ЕСЕПТЕУІШТІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ: НЕГЕ БІЗ БАҚЫЛАУШЫҒА ЕСІКТІ АШУДЫ ҰНАТПАЙМЫЗ?
ЕСЕПТЕУІШТІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ: НЕГЕ БІЗ БАҚЫЛАУШЫҒА ЕСІКТІ АШУДЫ ҰНАТПАЙМЫЗ?
Фото с сайта www.sputnik-ossetia.ru
"Астана Су Арнасы" - мен бірлесе отырып есептеуіштерді тексеретін бақылаушыларға қатысты немқұрайлы қарым-катынастың себептері туралы айтамыз.
|
Informburo.kz журналисті "Астана Су Арнасы" жеке тұлғалар бойынша жеке сектордың бақылаушысы Надежда Тищенкомен әңгімелесті. Бақылаушы өзінің жұмысының болжауға қиын кедергілері, қиындықтары және кәсіпорынның нақты мақсаттары туралы айтып берді.
|
Надежда Тищенко бірнеше жыл бойы бақылаушы болып жұмыс істеп келеді. Оның учаскесі Астананың жеке секторының аумағында орналасқан. Учаскеде тек бірнеше көпқабатты үйлер бар, қалғандары зұлым иттері мен ретсіз сызбалармен орналасқан орталық су құбыры бар – жеке үйлер және биік қоршаулардағы коттедждер. Мұндай учаскеде жұмыс істеу орталыққа қарағанда қиын
Бақылаушының міндеті айғақтарды жинаумен ғана шектелмейді. Авариялық жағдайлар бойынша меншік иелерінен келіп түскен өтініштер мен шағымдарды өңдеу, есептеуіштер мен пломбалардың жағдайын бақылау, тұратындардың нақты санын анықтау көп уақытты алады. Бірақ борышкерлермен жұмыс бақылаушының өмірінде жеке орын алады, бұл міндеттерден ең күрделі және қауіптісі болып табылады. Біз сізге сумен қамтамасыз ететін кәсіпорынмен қарым-қатынас орнатуға көмектесетін НадеждаТищенконың бірнеше кеңестерін жинадық
1. Кез келген қолжетімді тәсілмен есептеуіштің көрсеткіштерін уақытылы беріп отыру.
Бақылаушы есептік соманы негізсіз есептеу жағдайларын болдырмау үшін және су шығынын толық есепке алуды жүргізу үшін ай сайын суды жеке есептеу құралдарының көрсеткіштерін беруді ұсынады. Көрсеткіштерді:
ШЖҚ "Астана су арнасы" МКК бірыңғай анықтама қызметіне – 1302, + 7 (7172) 270-370, немесе көрсеткіштерді сіздің бақылаушыңызға жұмыс күнінен кейін әлде демалыс күндері онлайн-мессенджер арқылы жіберуге болады. Ең бастысы, есептеуіштің көрсеткіштері мен нөмірі, пломбаның бүтіндігі суретте анық көрінуі тиіс.
Кешкі уақытта және демалыс күндері 1302 call-орталығының автожауапбергішіне дауыстық режимде есептеуіштің нөмірін және оның көрсеткіштері туралы хабарлама қалдырсаңыз болады. Деректер міндетті түрде бағдарламаға енгізілетін болады.
Фотосуреттерді astanasu1302@gmail.com электрондық поштаға жіберу керек. Жауапта себептерін көрсете отырып, деректерді қабылдағандығы не қабылдамағандығы туралы хабарламасы бар хат немесе туындаған мәселелерді шешу жөнінде ұсыныс келеді. Бұл поштаға шағым да жіберуге болады.
astanasu.kz сайтында абоненттің жеке кабинетінде "есептеуіштердің көрсеткіштері" атты жеке бетбелгісі бар. Онда абоненттің атына тіркелген барлық санауыштардың тізімі және тиісті бағанға енгізілген соңғы көрсеткіштері келтірілген. "Ағымдағы көрсеткіштер" бағанына тұтынушы әрбір есептеуіш бойынша жаңа сандарды енгізеді және "Жіберу" пернесіне басып деректерді сақтайды. Сайтта жеке кабинет тіркелген пайдаланушыларға ғана қолжетімді, сондықтан алдын ала тіркеуден өтіп, авторлану керек.
Astanasu мобильдік қосымшасы арқылы. Оны AppStore мен GooglePlay-ден жүктеп алуға болады. Тіркелу үшін БЕО жеке шотының нөмірін енгізу қажет. Көресеткіштерді жіберу үшін ұялы телефонды есепке алу аспабына жақындатып, суретке түсіру жеткілікті. "Нейрондық желі "көрсетімдердің валидаторы ретінде қызмет етеді – абонентті call-орталыққа қоңырау шалу және желіде күту қажеттілігінен арылта отырып, фотосуреттегі сандарды анықтап," Астана су арнасы " деректер базасына көрсетімдерді жібереді.
2. Бақылаушы сіз сияқты адам. Ол өз жұмысын жасауда.
Кейде меншік иелері бақылаушының кез келген сапары тұтынушылардың құқықбұзушылықтарын дереу анықтауға әкеледі деп ойлайды. Бірақ Надежда Тищенконың айтуынша оның негізгі міндеті, керісінше, учаскеде тұратын адамдарға барлық қол жетімді тәсілдермен көмектесу, сондай-ақ кәсіпорынның табысты жұмысы мен сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін борышкерлердің көбеюін болдырмау. Себебі барлығымыз таза судың краннан шектеусіз ағуын қалаймыз.
3. Сізде немесе Сіздің жақындарыңызда үлкен қарыз жинақталса да, келісуге болады.
Мұндай жағдайларда – бақылаушымен қақтығысуға, оны қорқытып немесе елемеуге болмайды. Себебі суды меншік иесінің келісімінсіз де өшіруі және оған қарсы сотқа арыз беруі мүмкін. "Астана Су Арнасы" қызметкерлері меншік иелеріне ескерту жасауға және мәселені қалай шешуге болатынын немесе ондай жағдайларды қалай болдырмау керек екендігін түсіндіру үшін келеді.
Тиімдісі – есікті ашу, зерттеу үшін мүмкіншілктерді жасау, бақылаушыға есептеуішті көрсетіп, адами тұрғыдан су-кәріздік қызмет үшін қарыздың жиналу себебін түсіндіру. Әсіресе, егер үйде кішкентай балалар болса немесе отбасы қиын өмірлік жағдайға тап болса. "Астана Су Арнасы" меншік иелеріне қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік береді, бірден негізгі қарыздан соманың белгілі бір бөлігін төлеу жеткілікті. Тіпті суды өшіруге келген кезеңде де келісімге келуге болады. Бұл жағдайда АСА атына қарызды төлеудің кепілдік міндеттемесімен жазбаша өтініш жазу қажет. Көбіне бақылаушылар суды өшіруге барған уақыттың өзінде ең соңғы сәтте колма-қол төлемақы қабылдау үшін өздерімен бірге кассалық аппаратты алып жүреді.
4. Егер есептеуіштің немесе пломбаның зақымдалғанын сіз немесе бақылаушы байқаса, оның қалай болғанын еш жасырмадан айтыңыз.
Есептеуіштердің бұзылуы әрдайым жосықсыздықтан орын ала бермейді. Кейде пломбаларды сәбилер немесе мазасыз үй жануарлары жұлуы мүмкін. Кейде бұл абайсызда немесе тұрғын үйді жөндеу нәтижесінде болады. Ең басты қате – пломбаның зақымданғанын бақылаушының анықтағанын күту немесе бақылаушыны, үйге бірнеше ай немесе жыл кіргізбеу. Дұрысы – барлық жағдайды және себептерді түсіндіре отырып, өтініш жазу. Осылайша, айыппұл мен қарыздың жинақталуынан құтылуға болады, яғни ақшаны артық төлемеуге және үнемдеуге болады.
«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесінің» 50 бабына байланысты Тұтынушы есепке алу аспаптарының жұмысындағы барлық ақаулар мен бұзылулар туралы, сондай-ақ олардың пломбаларының жұлынуы немесе тұтастығының бұзылуы туралы қызмет көрсетушіге тез арада хабарлауы тиіс. Бұл, ШЖҚ "Астана су арнасы" МКК +7 (7172) 270-370, телефон нөмеріне немесе 1302 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады.
5. Есептеу құралын орнату арқылы сіз ақшаңызды үнемдейсіз.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағына сәйкес тұтынушыда реттелетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары болуы шарт. Бұл тұтынушының өзіне де тиімді, себебі суды есепке алу құралы орнатылған кезде ол нақты тұтынылған қызметтерді ғана төлейді. Әдетте, есептеуішті сатып алу және орнату шығындары бірінші тоқсанда үнемдеу есебінен өтеледі.
2018 жылдың 1 наурызынан бастап Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен су есептегіш құралдары жоқ тұрғындар үшін жаңа нормалар енгізілді. Мысалы, жайлылығы жоғары үй иелерінің тәулігіне бір адамға шаққанда тұтыну нормасы 600 литр құрайды. Бұл нормалар бекер емес: олар тұрғындарды жеке есептеуіштерді орнатуға ынталандырып қана қоймай, нақты тұтынылған суға төлей отырып, үнемдеуге мүмкіншілк береді, сонымен қатар суға ұқыпты қарауды қамтамасыз етеді.
"Астана су арнасы" МКК есептеуішті сатып алу және орнату шығындарын өз мойнына ала үшін: тұтынушы оның толық құнын ай сайын өтей отырып, суды есепке алу құралдарын орнату туралы өтініш жазып келісім шартқа отыруы қажет. Бұл туралы біз осында жазғанбызЕсепке алу құралы және оның орнатылуы үшін төлемақыны Бірыңғай Төлем Құжатының түбіртегі бойынша төлеуге немесе бөліп төлеу туралы келісуге болады.
https://informburo.kz/stati/pokazaniya-schyotchika-pochemu-my-ne-lyubim-otkryvat-dver-kontrolyoru-.h...