Новости населению

"АСТАНА СУ АРНАСЫ" БАСШЫСЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КӘСІПОРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

"АСТАНА СУ АРНАСЫ" БАСШЫСЫ НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫМЕН КӘСІПОРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ


Руководитель предприятия

«Астана су арнасы» басшысы Назарбаев Университетінің ғалымдарымен кәсіпорында жаңа технологияларды енгізу мәселесін талқылады

Кәсіпорын басшысы ғалымдарға энергия үнемдеу және су тазарту саласында ынтымақтастықты ұсынды.

Назарбаев Университетінде "Астана су арнасы" МКК және "University Research and Innovation System" ЖМ (NURIS, Назарбаев Университеті қарамағында) басшылығының кездесуі өтті

"Астана су арнасы" бас директоры Табиғат Зейнұлқабден ғалымдарға энергиямен жабдықтау және су тазарту саласындағы ынтымақтастықты ұсынды.

"Астана су арнасы" – сумен жабдықтаумен, су бұрумен, ауыз су мен ағынды суды тазалаумен айналысатын Астанадағы жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорында 2000-нан астам адам жұмыс істейді. Ол 1332 км су құбыры және 800 км кәріз желілеріне қызмет көрсетеді. "Астана су арнасы" 158 кәріздік сорғы станциясына, 93 су қысымды станциясына ие.

Бас директордың ақпараты бойынша, қала жылына орта есеппен 97-98 млн текше метр су тұтынады. Күн сайын 250 мың текше ауыз су және 30-35 мың техникалық су энергия беруші ұйымдарға – ЖЭО-1, ЖЭО-2 және жылу желілеріне беріледі.


– Мемлекет басшысы суды және ағынды суды тазарту саласындағы инновациялық технологиялар туралы бірнеше рет айтқан болатын. Осыған байланысты тұнба шөгінділерінің мәселесін шешу қажет. Кәріздік тазарту құрылыстарындағы ағынды сулар тазаланғанда, бізде күн сайын тұнба шөгінділері жиналады. Бұл күн сайын 225 тоннадан астам мөлшерді құрайды. Біз оларды станциядан 10-15 км қашықтықта орналасқан полигонға шығарамыз. Қазіргі таңда, кәріздік тазарту құрылыстарын жобалау мен салу жүріп жатыр. Біз бұл мәселеде (тұнба шөгінділері – Авт.) – өртеу бойынша зауыт соғу немесе биогаз өндіру сияқты қандай шара қолдану керектігін шешкіміз келеді. Сіздің тарапыңызғдан қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз – деді NURIS бас директоры Айдар Жақыпов мырзаға.

Сонымен қатар, кәсіпорын жыл сайын сағатына 97 млн киловатт электр энергиясын тұтынатынын атап өтті. Бұл, оның пайымдауынша, үлкен көлем. Жылу энергиясын тұтыну мәселесін де шешу қажет.

– Сізде халықаралық зерттеу тобы бар. Сіздермен бірге энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша мәселелерді пысықтағымыз келеді, – деп толықтырды Табиғат Зейнұлқабден.

Айдар Жақыпов "Астана су арнасы" басшысын қолдап, NURIS мақсаттарының бірі ғылыми әлеует ел және экономика игілігіне жұмыс істеу үшін индустриямен өзара қарым-қатынасты дамыту екендігін атап өтті.

– Сіз дұрыс жерге келдіңіз, себебі біздің су бойынша белгілі бір әлеуетіміз бар. Кафедраларда адамдарымыз да бар. Мүмкін, олардың кейбіреулері сізбен жұмыс істеген шығар. Профессорлардың бір бөлігі қалалық ұйымдармен түрлі қаржыландыру желілері бойынша жұмыстар жүргізді. Сіз атап өткен барлық бағыттар бойынша жұмыс жасайтын профессорлар, мектептер, зертханалар бар. Жинақталған тәжірибеміз де аз емес. Бізде білікті химиктер, инженер-химиктер, биологтар бар, – деп жауап берді Айдар Жақыпов.

NURIS бас директоры алға қойылған міндеттердің бір бөлігін стартаптардың көмегімен орындауға болатынын айтты.

– Сіздердің мәселелеріңіз бойынша біз өзіміздің профессорларды жұмысқа тартып, студенттер мен жас мамандар арасында байқау жариялап, шешім табуға болады. Содан кейін олар өздері өңдеп, сіздің кәсіпорныңызға оларды енгізетін болады, – деді Айдар Жақыпов.


– Бұл керемет болар еді, – деп атап өтті Табиғат Зейнұлқабден.

Мемлекет басшысы 2019 жыл Жастар жылы деп жариялағанын атап өтті. Осы себепті кәсіпорында жастар саясаты секторы ұйымдастырылды. Табиғат Зейнұлқабден жақсы әлеуеті бар "Астана су арнасы" жас қызметкерлері Назарбаев Университетінің ғалымдарымен бірге кейбір стартаптарды пысықтай алар еді деп есептейді.

Сонымен қатар Табиғат Зейнұлқабден кәсіпорын басшылығының жоспарында баламалы энергияны, оның ішінде қазіргі заманғы жылу сорғыштарды, "Ақылды" жарық, "ақылды" су пайдаланатын заманауи офис салу екендігін айтты.

Кездесуден кейін ғалымдар қонақтарды инновациялық көрмеге кіргізді.


– Индустрияны өркендетуге ат салысып жатқан кәсіпорындармен кездесіп, олардың ынтымақтастыққа деген қызығушылығын көру өте қуанышты болды. Бізде профессор-оқытушылар құрамының да, зерттеушілердің де, студенттердің да үлкен ғылыми әлеуеті бар. "Астана су арнасы" тарапынан нақты сұрақтардың жіберілуін күтеміз және оларды біздің ғалымдармен талқылайтын боламыз. Химия, суды өңдеу саласында әлеуетіміз бар, осы салада мамандандырылған білікті профессорларымыз бар, - деді Айдар Жақыпов кездесуден кейін.

Табиғат Зейнұлқабден өз кезегінде "Астана су арнасы" энергия тиімділігі және энергия үнемдеу бағытында үнемі жетілдіру жұмыстарын жүргізіп отырғандығын атап өтті. Алайда, әлем орнында тұрмайды және сумен жабдықтау және су бұру материалдарын пайдаланудың жаңа технологиялары мен техникалық шешімдерін енгізу қажет.

– Біз жақсы базасы, зерттеу тобы бар университетпен ынтымақтастық орнатқымыз келеді. Олардың тәжірибесі мен тиімді менеджменті бар. Алдағы жылдары, 2019-да немесе келесі инвестициялық бағдарламада кәсіпорнымызда қандай технологиялар мен жабдықтарды қолдануға болатынын ескереміз, – деді ол.

Кездесуді қорытындылай келе, "Астана су арнасы" бас директоры мұның бәрі бірінші кезекте тұтынушылар үшін, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсыну сапасын жақсарту үшін жасалатынын атап өтті.

https://informburo.kz/special/glava-astana-su-arnasy-obsudil-s-uchyonymi-nazarbaev-universiteta-vned...