Астанада су тарифі неден құралады
Астанада су тарифі неден құралады
Фото с сайта www.5692.com.ua
Астанада ТКШ мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау ашылды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде қоғамдық қабылдау жұмысы басталды. ТКШ өкілдерімен бірінші кездесу 12 қарашада өтті. Коммуналдық қызметтерге қатысты сұрақтарға тұтынушылар осы айда тағы екі рет – 21 және 28 қарашада сағат 15-тен 18-ге дейін Астана қаласы, Тәшенов көшесі, 25, 2-ші қабат мекенжайы бойынша жауап ала алады.Қоғамдық қабылдау жұмысы барысында
Қоғамдық қабылдау жұмысы барысында
Біз мүмкіндікті пайдалана отырып "Астана Су Арнасы" МКК және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің (ҚР ҰЭМ ТМРБ және ТҚҚК) департаменті өкілдерімен Астана қаласындағы сумен қамтамасыз ету тарифтері неден құралатынын және неге байланысты екенін анықтау үшін әңгімелестік.
Жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы Нәзира Болатханқызы
Жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы Нәзира Болатханқызы Смаилованың пайымдауынша – шығындардың ең үлкен үлесі, – бұл амортизация, яғни жабдықтардың біртіндеп тозуы мен ауыстырылуына байланысты шығындар. Келесі – еңбекке ақы төлеу шығындары, сондай-ақ материалдық шығындар: шикізат пен материалдар, ЖЖМ, көмір отыны, электр энергиясы және әрине, АСА "Қазсушар" РМК-дан сатып алатын су. Басқа да шығындар бар: салықтар, жоспарлы жөндеу және басқалар
Сумен жабдықтау және су бұру тарифтерін Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітеді. Астанада тарифтер 2015 жылы 2016 жылдан 2020 жылға дейін орнатылды.
ТМРБ және ТҚҚК департаментінің басшысы Танабергенов Болат Амангелдіұлы.
– Барлық базалық субъектілер, соның ішінде "Астана Су Арнасы" өз тарифтерін ұзақ мерзімді, яғни бес жылға бекітеді, – дейді ТМРБ және ТҚҚК департаментінің басшысы Танабергенов Болат Амангелдіұлы. 2015 жылы белгіленген бағалар қазіргі уақытта да өзекті, бірақ 2017 жылдың 1 тамызынан бастап тұтынушылар үшін АСА қызметтеріне: екі жылға сумен жабдықтауға және бір жылға су бұруға төмендетумен уақытша өтемдік тариф енгізілді. Бұл шаралар ұсынылған сметаларды 5%-дан артық орындамаған жағдайда қолданылады. Бүгінгі таңда өтемдік тариф тек сумен қамтамасыз етуге ғана қолданылады. Су бұрудың төмендетілген бағасы ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды, ал суды беру құны 2019 жылдың тамыз айында бекітілген тарифке дейін қалпына келтіріледі.
|
реттеу бөлімінің басшысы Тактарова Айгүл Меңдіғалиева.
– "Астана Су Арнасы" қызметінің құны бекітілген және 2021-2025 жылдар кезеңіне бағалар тек 2020 жылы ғана қайта қаралатын болады. Ол өтемдік тарифтерді қолдану салдарынан уақытша төмендеуі мүмкін, ал оның жоғарылауы стратегиялық тауарлардың құнының ұлғаюы жағдайында ғана субъектіден қабылданатын төтенше реттеуші шаралар бойынша арнайы өтінішке байланысты болуы мүмкін. АСА үшін мұндай тауар – "Қазсушар" РМК-дан сатып алынатын су. Басқа факторлар тарифтің өзгеруіне әсер ете алмайды, – деп хабарлайды табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Тактарова Айгүл Меңдіғалиева.
https://informburo.kz/special/iz-chego-skladyvayutsya-tarify-na-vodu-v-astane.html