Новости населению

Мен Астанада бизнес иегерімін. Сумен жабдықтау қызметін қалай дұрыс төлеуге болады?

Мен Астанада бизнес иегерімін. Сумен жабдықтау қызметін қалай дұрыс төлеуге болады?



Я владелец бизнеса в Астане. Как правильно оплачивать услуги водоснабжения? - Informburo.kz

Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларды сумен қамтамасыз ету туралы келісімшарттардың ерекшеліктері және неге олар бірдей емес? «Астана Су Арнасы» аға бақылаушысы жауап береді.

 «Астана Су Арнасы» сумен жабдықтау кәсіпорны жеке азаматтармен ғана емес, бизнес иегерлерімен де айналысады. Кәсіпорынның заңды тұлғалармен жұмысында бірқатар өзгешеліктер бар. Informburo.kz журналисті заңды тұлғаларға қызмет көрсетудің ерекшеліктерін түсіну үшін «Астана Су Арнасы» заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі аға бақылаушысы Садуова Найла Еркенқызымен әңгімелесті.


1. Заңды тұлғаларға суды тұтыну және ағын суларды бұруға қатысты арнайы келісім-шарт қажет.

Кәсіпкерлер кейде бұл тұстарды елемейді. Олар суды есепке алу аспабының болуы және БЕО арқылы қызметтерді төлеу жеткілікті деп санайды. Іс жүзінде заңды тұлғалар қызметтерді басқа тарифтер бойынша төлеуге және заңды тұлғалар үшін келісім-шартта көрсетілген бірқатар техникалық шарттарды сақтауға тиіс.

Сондықтан меншігінде тұрғын емес үй-жайы бар барлық тұтынушылар заңды тұлға ретінде сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне шарт жасауы тиіс. "Астана су арнасы" мамандары нысандарды үнемі түгендеу жұмыстарын жүргізеді және заңды тұлға ретінде келісім-шарты жоқ тұтынушыларды анықтайды. Осылайша, кейіннен айыппұл санкциялары қолданылады.

2. Келісім-шартқа қол қою рәсімі де ерекше.  

Заңды тұлғаларға келісім-шарт жасасу үшін оған құқығын анықтайтын құжаттарды қоса отырып белгіленген үлгіде өтініш тапсыру қажет. Тізімді мына жерден табуға болады.

Құжаттарды мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Абай даңғылы, 103, заңды тұлғалар бойынша КҚКО-ға, № 5 терезеге әкелу керек, оның жұмыс күндері 8:00-ден 19:00-ге дейін үзіліссіз, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Өтініштер аптасына екі күн былайша өңделеді: АСА бақылаушысы суды есептеу құралдарының болуы туралы, кәсіпорынның жұмыс уақыты туралы, сантехқұралдардың саны туралы, қызметкерлердің саны және кәсіпорынның басқа да техникалық параметрлері туралы ақпараты бар тексеріс актісін жасайды. Осыдан кейін шарт ресімделеді және оған қосымшада нормативтік жүктеме бойынша есептеулер көрсетіледі. Егер есепке алу аспабы жоқ болса немесе ол жұмыс істемесе, онда кәсіпорын нормативтік жүктеме бойынша қызметтерді төлейді. Бұл, әдетте, бірнеше есе қымбат, сондықтан кәсіпкерлердің мүддесі үшін – есепке алу құралдарын өз күшімен орнату тиімді болады

3. Сумен жабдықтау қызметтерін ұсыну шарттары бизнес қызметінің түріне байланысты ерекшеленеді. 

Сондықтан заңды тұлғалармен жасалған келісім-шартта мекеменің қызмет түрі көрсетілуі тиіс. Себебі, сумен жабдықтау және су бұру жергілікті жүйелеріне қойылатын талаптар осыған байланысты. Мысалы, қонақ үйлер, мейрамханалар және қоғамдық тамақтану орындары, техникалық шарттар және өндірістік ағынды суларды қабылдау Ережелері негізінде өнеркәсіптік үлгідегі май ұстағыштар мен ағынды суларды талдауға сынама алу үшін бақылау құдықтарын орнатуға міндетті. Егер бұл шарттар сақталмаса, ластанған ағындар орталық кәрізге түседі және барлық су бұру жүйесі мен кәріздік тазарту құрылыстарының жұмысы бұзылады.

Ауыз суды көп мөлшерде пайдаланатын автожуу, химиялық тазарту және басқа да объектілерде үнемдеу мақсатында суды тазартудан кейін қайта пайдалану үшін айналма сумен жабдықтау жүйесін орнату қажет.

Өкінішке орай көптеген кәсіпкерлер шарттарды елемейді, осылайша заңды және жалпы қалалық сумен жабдықтау жүйесінің қалыпты жұмысын бұзады. Мұндай тұтынушыларға АСА қызметкерлері ескерту хат жібереді. Егер ескертулер орындалмаса, тәртіп бұзушылар талаптар толық орындалғанға дейін сумен жабдықтаудан ажыратылады.

4. Төлем жүргізу тәртібі де ерекшеленеді. 

Кәсіпкерлер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін екі тәсілмен төлей алады:

- банктегі есеп шоты арқылы;

- "Астана су арнасы" абоненттік учаскелерінде. Мекен-жайы осында.

Барлық заңды тұлғалар ұсынылған қызметтер үшін қарапайым азаматтар сияқты келесі айдың 25-не дейін төлеуі тиіс. Бұл ретте құжаттарды ресімдеу және төлеу кезінде кідірістер туындамайтынына алдын ала көз жеткізу қажет.

Егер мекемеден төленетін төлем белгіленген мерзімде түспесе, Астана су арнасы берешек туралы хабарлама жібереді және объектіні сумен жабдықтауды тоқтата тұрады немесе ерекше жағдайларда толығымен тоқтатады. 

https://informburo.kz/stati/ya-vladelec-biznesa-v-astane-kak-pravilno-oplachivat-uslugi-vodosnabzhen...