ШӨЛМЕКТЕН НЕМЕСЕ КРАННАН: МАМАНДАР ҚАНДАЙ СУ ІШУГЕ КЕҢЕС БЕРЕДІ?
ШӨЛМЕКТЕН НЕМЕСЕ КРАННАН: МАМАНДАР ҚАНДАЙ СУ ІШУГЕ КЕҢЕС БЕРЕДІ?
Шөлмектен немесе краннан: мамандар қандай су ішуге кеңес береді?
Көптеген қала тұрғындары шөлмектегі суды сатып алып, оны краннан ағатын судан қауіпсіз деп санайды. Бұл шынымен де солай ма?
«Астана Су Арнасы» сынақ зертханасының сарапшылары түсіндіреді.
Су тек шөлді қандырып қана қоймай, пайдалы болуы: микро және макроэлементтермен, калий, натрий, магний, кальций катиондарымен, сульфат, хлоридпен, фторид аниондарымен және басқа да элементтермен байытылған болуы тиіс.
"Астана Су Арнасы" МКК сынау зертханасы Астанада сатылатын шөлмектегі суды зерттеді. Зерттеудің мақсаты – затбелгілерде көрсетілген судың иондық құрамын іс жүзіндегі құрамын анықтай отырып салыстырмалы талдау жасау. Суды талдау ҚР СТ 1432-2005 "Табиғи минералды және ауыз ас суын қоса алғанда, ыдыстарға құйылған ауыз су. Жалпы техникалық шарттар" мемлекеттік талаптарға сәйкес жүргізілді.Зерттеу барысында кейбір өндірушілер шөлмектегі суды Астананың қалалық су құбырынан алып оны мембраналық сүзгі арқылы өткізетіні анықталды. Мұндай су бірнеше жұқа тазалау сүзгілері (мембраналар) арқылы өтеді. Әдетте бұл үш-төрт сатыдан құралады:
- Құм сияқты ірі қоспалардан механикалық тазарту.
- Суды жұмсарту және қатты тұздардан арылту үшін ион алмастыру арқылы тазарту.
- Соңғы саты, судың иісін, дәмін, лайлығын және түсін жою сияқты, судың органолептикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін көмір сүзгісі арқылы тазарту.
Нәтижесінде толығымен тазартылған, бірақ деминерализацияланған су алынады. Мұндай суды үнемі пайдалану ағзаға зиян, ол қажетті элементтердің тапшылығынан адамның денсаулығына теріс әсер етеді.
Талдау көрсеткендей, кейбір өндірушілер заттаңбада судың шығу тегі туралы ақпаратты көрсетпейді, Судың химиялық (иондық) құрамы туралы деректер жоқ, минералдану дәрежесі көрсетілмеген. Мұндай өнім МЕМСТ талаптарына сәйкес келмейді, ол бойынша заттаңбалар су туралы:
ұңғыма немесе қайнар көз
тауар таңбасы
дайындаушы
химиялық құрамы
минералдану
судың сипаттамасы
емдік қолдану бойынша көрсеткіштер
сақтау бойынша кеңестер
сақтау мерзімі
құю күні
стандартты белгілеу сияқты, толық ақпарат көрсетілген таңбалаумен жабдықталуы тиіс.
Іріктелген су үлгілерінің арасында нақты құрамы заттаңбада көрсетілгенмен сәйкес келмейтін шөлмектер кездесті.
Астана қаласын сумен жабдықтаудың жалғыз қайнар көзі Астана су қоймасы болып табылады. Бұл табиғат қорғау аймағы бар ашық су айдыны. Астана су қоймасынан су Астана қ. екінші көтергішті сорғы стнациясына келіп түседі және толық технологиялық тазартудан өтіп, зарарсыздандырылады.
Тазалаудың барлық кезеңдерінде физика-химиялық және бактериологиялық көрсеткіштер бойынша күнделікті қатаң зертханалық бақылау жүргізіледі. "Астана Су Арнасы" сынау зертханасы ҚР Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде техникалық құзыреттілікке аккредиттелген және ИСО/МЭК 17025-2009 МЕМСТ талаптарына сәйкес келеді.
Толық тазалау кешені өткеннен кейін, су " Ауыз су. Гигиеналық талаптар мен бақылау" МЕМСТ 2874-82 талаптарына және "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" № 209 санитариялық қағидаларына сәйкес:
хлоридтер-67,0 мг / дм3;
қаттылығы-3,5 мг экв/дм3;
фторидтер-0,18 мг/дм3;
ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенол, пестицидтер-жоқ, деген көрсеткіштерге ие болған жағдайда қаланың таратушы желілеріне келіп түседі.
Бұл макро және микроэлементтердің барлығы Астана суында адамның қалыпты өмір сүруі үшін қажетті мөлшерде бар.
Су құбыры суының сапасы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қатаң бақылауында.
|
Осылайша, астаналық суды краннан ішуге болады, бірақ қалауыңыз бойынша қосымша оны үй жағдайында қарапайым тұрмыстық сүзгі-құмыраннан өткізуге болады. Кранның суы көптеген адамдар үшін оңай қол жетімді және әдетте қауіпсіз болып табылады. |
https://informburo.kz/special/iz-butylki-ili-iz-pod-krana-kakuyu-vodu-sovetuyut-pit-specialisty-.htm...