Новости населению

"АСТАНА СУ АРНАСЫ" БОЛАШАҒЫ

"АСТАНА СУ АРНАСЫ" БОЛАШАҒЫ





Будущее

Маңызды жоспарлар мен үлкен амбициялар – "Астана су арнасы" МКК-да жастар кеңесі құрылды.

29 қазанда жас мамандар конференциясында "Астана су арнасы" МКК жастар көшбасшыларының бірінші кездесуі өтті және жастар кеңесі құрылды.

Конференция молодых специалистов

Жас мамандар конференциясы 


Оның құрылуына бірнеше іс-шара себеп болды: 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Сондықтан "Астана су арнасы" кәсіподақ қызметкерлерінің Астана әкімдігінің жастармен жұмыс жөніндегі бөлімімен кездесуінде су және энергия үнемдеу саласындағы үдерістерді жаңғырту үшін жас мамандамдардың жаңашыл ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыру тақырыбы талқыланды.

Инновациялардың жас дарындармен енгізілу маңыздылығы туралы АСА бас директоры Табиғат Зейнұлқабден Назарбаев университетінің басшыларымен кездесуде айтқан болатын. Бұл туралы біз осында жаздық.

Кеңесте барлығы 30 адам. Бастамашыл, өршіл, мүдделі, олар АСА қызметкерлерінің жалпы санының 30%-ын құрайды, ал бұл шамамен алты жүз адам. Үлкен кәсіпорынның барлық бөлімшелерінен мамандар ұсынылған. Бүгінгі таңда 29 жасқа дейінгі адамдар жастар болып саналады. Алайда, талқылау барысында бұл жас шегін 35 жасқа дейін ұлғайту мәселесі қарастырылуда. Кеңес кездесулері аптасына екі рет өтеді. Оған кіру оңай, тек тілек білдіру жеткілікті.

Собрание Совета молодёжи АСА

АСА жастар кеңесінің жиналысы 


Кеңестің мақсаты – жас қызметкерлердің жеке және кәсіби дамуына, оларға "әлеуметтік лифтілер"құруына жәрдемдесу. Бұл үшін кеңес өз алдына бірнеше маңызды міндет қойды:

жас қызметкерлердің кәсіпорын үдерісін жақсартуға қатысуы: сындарлы ұсыныстарға назар аудару, су және энергия үнемдеу үдерістерін жетілдіру бойынша бастамаларды қолдау;

жас мамандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау: даму және өзін-өзі жүзеге асыру үшін ашық алаң құру, корпоративтік рухты нығайту, жұмыс және әлеуметтік мәселелерге деген құштарлық;

энергия үнемдеу және су үнемдеу саласындағы маңызды өзгерістерді көздеген экологиялық тәрбие – бұл ойлау мен өмірдің жаңа экологиялық түріне бағдар беру;

мәдени-бұқаралық іс-шаралар – қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту, қоғамдық іс-шараларды өткізуге қатысу және өзара әрекеттесу.

Белсенділер жұмыстың көп болуынан қорықпайды – кеңестің жұмысына жұмыс ырғағынан уақытының ыңғайы келе бермейтін мамандар да тікелей және жанама түрде қатысады. Кеңес мүшелері кәсіби және жеке тұрғыда өзара көмек көрсету және қолдауға басымдылық береді. Келесі жылы "Астана су арнасы" МКК 60 жасқа толады. Демек, көптеген мерекелік іс-шаралар ғана емес, сондай-ақ 2018-2023 жылдарға арналған АСА даму стратегиясын ішінара іске асыру күтілуде. Жастар идеяларға толы және туған кәсіпорынның дамуына қомақты үлес қосуға үміттенуде.

Кеңестің қабілетіне күмән жоқ – қысқа мерзім ішінде көптеген үлкен істер атқарылды.

Қазіргі уақытта белсенділердің жүзеге асырған ең маңызды жобалардың бірі – "Астана Су Арнасы" МКК әнұранын әзірлеу. Кеңесте талантты музыканттар, орындаушылар мен ақындар бар. Жобаға тіпті кеңеске кірмейтін, бірақ дарынды және өз жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға дайын АСА қызметкерлері де тартылды. Жалпы күш-жігермен: екі тілде музыка мен мәтін, тіпті кәсіби студиялық жазба жасалды. Әнұран идеясының авторы – "Астана Су Арнасы" бас директоры Зейнұлқабден Табиғат Қабденұлы. Орыс тіліндегі мәтінінің авторы – Коршунова Екатерина Алексеевна, өндірістік бөлімнің 1-ші санатты инженері, қазақ тіліндегі нұсқасын – сорғы-сүзгіш станциясының сүзгіш операторы Сәрсенбай Гүлжанат Қанатқызы жазды. Әнұран мәдени-бұқаралық жұмыс және жастар саясаты секторының меңгерушісі Жұмабек Айсулу Еділқызының белсенді қатысуымен құрылды.



Шернияз Калиев на записи гимна

Шерияздан Қалиев «Астана Су Арнасы» әнұранын жазу барысында 



Әнұранды Қалиев Шернияздан орындады, оған Ережепова Малика, Тұрғынбай Азиза, Отарова Сабина, Түсіпхан Секен, Колшынбаев Асланбек және Шаукер Азамат көмектесті.


Одной из первых инициатив совета стала организация группы поддержки коллег-спортсменов, участвующих в ежегодной спартакиаде, которая проходит между представителями коммунальных служб. Поддержка болельщиков укрепляет командный дух и уже помогает сборной АСА достигать хороших результатов на соревнованиях.



Кеңестің алғашқы бастамаларының бірі коммуналдық қызмет өкілдері арасында өтетін жыл сайынғы спартакиадаға қатысатын әріптестерді қолдау тобын ұйымдастыру болды. Жанкүйерлердің қолдауы командалық рухты күшейтіп, АСА құрама командасына жарыстарда жақсы нәтижелерге жетуге көмектеседі.

"Астана су арнасы" МКК жастар кеңесінің тағы бір бағыты: өнертапқыштық ойлауы бар талантты мамандардың кәсіпорын үшін инновацияларды іздестіру мен технологиялық дамыту жұмыстарына қатысу болып табылады. Мысалы, инновациялық-ғылыми және технологиялық даму бөлімімен өзара іс-қимылды орнату шегінде кеңес call-орталықтың қызметін оңтайландыру және операторлардың тұтынушымен әңгімелесуді сауатты жүргізу дағдыларын дамыту жұмыстарына үлес қосқысы келеді. Ал қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл мен өзара түсіністікті жақсарту үшін кеңсе қызметкерлері үшін өндіріс бойынша экскурсиялар өткізу ұсынылады.

Кеңестің кезекті жиналысында – жаңа жылды мерекелеуге арналған салтанатты концерт ұйымдастыру мәселесі көтерілуде. Кеңесте мерекелік іс-шарада өздерін таныстыруға дайын көптеген әртістік таланттар бар. Мерекелік дайындық жолға қойылған: жүргізушілер, Аяз Ата мен Ақшақар, әншілер мен түрлі жанрдағы орындаушылар бар, тек сценарий мен мәтіндерді пысықтау ғана қалады.

"Астана су арнасы" МКК жастар кеңесінің инстаграммы мына жерде.

https://informburo.kz/special/budushchee-astana-su-arnasy.html