Кәсіподақ есебінен – Дзен
Кәсіподақ есебінен – Дзен
Соңғы кездері «Астана Су Арнасы» қызметкерлері аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері жұмыстан бір сағатқа кеш қайтатын болып жүр. Кәсіподақ қайда қарап отыр? деген сұрақ туындайды.
Кәсіподақ болса бұл дұрыс және қажетті деп санайды. Әйелдердің өзі де дәл осылай ойлайды. Себебі бұл бір сағатта кәсіпорынның спорт залында йогамен айналысады.
«Астана Су Арнасы»бұрыннан қалыптасқанспорттық дәстүрге ие. Марафондар, кәсіпорын бөлімшелері арасындағы, сондай-ақ қалалықжарыстар, әр түрлі спорт түрлерінен жыл сайынғы спартакиадалар – бұл бір жолғы іс-шаралар емес, өмір салты.
Алайда, спорттың көп түрі ер адамдарға арналған. Кәсіпорынның әйелдері ойын алаңына қарағанда трибуналарда жиі орын алды.
– Оларға да залда спортпен айналысу мүмкіндігін беруді өтінді. Сол кезде қыздарға йоганы ұйымдастыру идеясы туды, - дейді "Астана су арнасы" МКК кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұрат Темірболатов.– Жақсыжаттықтырушы тауып, келісім-шарт жасастық. Міне, бір ай бойы жұмыстан кейін аптасына екі рет, сағат 18-ден 19-ға дейін сабақтарөткізіліп жүр.
«Қыздар» – жас әйелдерден апаларға дейін спорт залында жиналады. 60 адам жазылған, бірақ бұл жолы барлығы келген жоқ, көбісіне ауа райы кедергі болды.
Жаттықтырушы жаттығуларды көрсетіп жатыр, бастаушы йога ханшайымдары түрлі асандарды орындап, жоғары созылуда. Күні бойы жиналған шаршау сезімі тарқап, бұлшық еттері созылып, бойларына жаңа күш қуатжинағанын жүздеріндегі тыныштықтан байқауға болады.
Жаттықтырушымен жаттығуларды орындау барысында
– Біз йогамен денсаулық үшін айналысамыз. Бүгін бесінші сабақ ғана, бірақ бұлшық еттің созылғандығы сезіледі, икемділік пайда болды, – дейді инженер-технолог Зәуре Тайбергенова. –Ағза үшін физикалық жүктемелер жақсы, және ішкі тыныштық пайда болды, яғни дзен.
Зауре Тайбергенова Инженер-технолог
Инженер-эколог Күлпан Бекмембетова сабақтарға тек дзен үшін емес, сондай-ақ бұлшық еттерін созу үшін келеді.
Мен фитнеспен бұрыннан айналысамын, сондықтан мен үшін физикалық жүктемелер – үйреншікті іс. Бірақ осы сабақтардан кейін энергия пайда болады, сергек боласың, көңіл-күй жақсарады, - деп атап өтті ол.
Инженер-эколог Күлпан Бекмембетова
Әйелдердің йогамен айналысу себебібелгілі: офистік жұмыс қозғалыссыз өтеді. Ал фитнесс-залға баруғакөбіне уақыт жетіспейді, сондай-ақ елордалық тренажерлардың бағасы қымбат. Сондықтан жергілікті кәсіподаққа әйелдерден осындай қамқорлық үшін үлкен алғыс.
Ал кәсіпорынға бұл не үшін қажет?
Мұнда мәселе кең қарастырылған. Қызметкерлердіңқамын ойлау тек йогамен шектелмейді. Бізде Ұжымдық шарт бар (айтпақшы, елордада ең үздіктердің бірі), онда көптеген тармақтар жазылған. Бұл тек спортқа ғана емес, сонымен қатар біздің қызметкерлеріміздің материалдық және моральдық қолдауына да қатысты, – дейді Мұрат Темірболатов. - Оларға қамқорлық жасайтынымызды сезінеді. Сондықтан да жақсы еңбек етіп, кәсіпорын үшін, өз жұмысына жауапкершілік сезімі пайда болады.
Соңғы сұрағым: осы сабақтар кімнің есебінен? Олар коммуналдық тарифтерге жүктелмеген бе? Алған жауабым:
– Жоқ, әрине! Барлығы кәсіподақ есебінен.
https://informburo.kz/special/dzen-za-schet-profsoyuza.html