«АСТАНА СУ АРНАСЫ» ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЛА ЖАҒДАЙЫНДА БҮРКІТПЕН ҚАЗАҚИ АҢ АУЛАУ ӘУЕСТІГІ ЖАЙЛЫ АЙТЫП БЕРДІ
«Астана Су Арнасы» қызметкері қала жағдайында бүркітпен қазақи аң аулау әуестігі жайлы айтып берді.
«Астана Су Арнаcы» МКК- да түрлі қызығушылықтары бар дарынды адамдар жұмыс жасайды.
Осындай қызметкерлердің бірі – Ерлан Кенжетаев, бүркітші және қазақтың дәстүрлі қарусыз аң аулау шебері.
Ерлан АСА-да 10 жыл жұмыс істейді. Қазіргі таңда ол жөндеу-пайдалану учаскесіндегі бригадир міндетін уақытша атқаруда. Міндеттер арасында: желілерді жөндеу, пайдалану, қызмет көрсету және жаңа су құбыры желілерін төсеу орын алады. Ерланның айтуынша, тату және позитивті ұжымда жұмыс ешқашан іш пыстырмайды. Кейде таңертеңге дейін жұмыс жасауды қажет ететін апаттар мен шұғыл жағдайлар болады. Алайда, тығыз жұмыс кестесі бос уақытын қызығушылықтарына арнауға, яғни екі бүркіт, қыран, үш төбет және бес тазы иттерге уақыт бөлуге кедергі болмайды.
Оның қызығушылығы туралы Наурыз мейрамын тойлау алдында білді. Бұл мереке "Астана Су Арнасы" МКК-да әрдайым кеңінен атап өтіледі. Ерлан мейрамға бүркітпен бірге келген кезінде басқа қызметкерлердің көңілін өзіне аударды, себебі елорда шетінде өмір сүріп және аңшы құстар мен иттерді ұстау – оңай іс емес.
– Мен бала кезімнен 20 жыл бойы аңшылық иттермен айналысамын, – дейді Ерлан. – Көкшетау облысындағы біздің ауылда дәстүрлі аң аулаумен айналысқан адамдар көп. Астанаға 12 жыл бұрын көшіп келдім және уақыт өте келе итпен және құстармен классикалық қазақ ұлттық қарусыз аң аулауға көштім.
Аң аулау стилі мен түсетін сыбаға құс түріне байланысты. «Қаршыға қанжыға қандайды, ителгі етек былғайды», – дейді қазақ мақалы. Қаршыға бүркіт сияқты, кәсіптік құс, онымен кез-келген жабайы құстарды аулауға болады: мысалы, қоян, түлкі және қарсақ. Қаршығамен бірге көбіне аңшылықты жаңадан бастағандар аң аулайды, ал аштық кезінде қариялар жалғыз бүркіттің көмегімен тұтас ауылдарды тамақтандырған. Ителгілер аң аулауға қиын: құс, жиі жоғалады. Ителгілер көңіл көтеруге және жаттығу үшін қолайлы.
Ерланның екі ересек бүркіті бар: Қараторғай – ақын Акан Серінің құсының атына қойылған, және тырнағы өткір Шеге. Ителгісі – 1 (бір) жаста, оған әлі лақап ат қойылмаған.
Ерлан құстармен бос уақытында айналысады. Жас балапандарды қолға үйретуге екі ай уақыт кетеді, ал құстың жақсы аңшы болуы үшін бір-екі жыл қажет. Ұшу және тұрақты жаттығулар – міндетті шарт. Тәрбие әрдайым тегіс өте бермейді, оқытылуы қиын ауыр мінезді құстар да болады. Олар қарсылық білдіріп, тырнауы немесе тістеуі мүмкін.
– Жас балапандар иесін ата-ана ретінде қабылдайды, ал жабайы аң аулауды бастағанда, иесін серіктес санайды. Ит иесі үшін, ал құс тек тамақ үшін аң аулайды. Сондықтан бүркіт міндетті түрде аш болуы керек, әйтпесе ол ештеңе жасамайды, – дейді Ерлан.
Орташа салмағы шамамен 5 кг бір бүркіт күніне 500 г ет жейді. Жазда бұндай мөлшердегі ет күнара желінеді. Бір жыл ішінде бүркіт көлемі бір жылқы болатындай ет жейді. Әдетте, аңшының құстың өзі аулаған: суыр, қоян және басқа да жабайы аңдар қоры болады. Бірақ егер аң аулау сәтсіз болса немесе ұзақ уақыт бойы ауланбаса, құс азығына етті сатып алуға тура келеді.
Бүркіт 7-8 жасқа жеткенде Ерлан оны еркіндікке жібереді.
– Төрт жылдан кейін бүркіттердің ұрпақ көретін кезі келді. Сондықтан біз көктемде ересек құстарды табиғатта басқа бүркіттермен өмір сүру үшін жібереміз. Осы уақытта барлық кеміргіштер жер бетіне шығады. Қолға үйретілген құстардың да еркін құстар сияқты аңшылық инстинкті мықты. Бүркіт өзін жабайы сезінеді және жабайы ортаға оңай бейімделеді. Биыл құстың бірін еркіндікке жібердім.
Қазақстанда қазір жүзге жуық бүркітші бар. Бүркіт – қызыл кітапқа енгізілгендіктен, бүркітпен аң аулауға тек арнайы чиптендіріліп, паспорт және аңшылық билетін бергеннен кейін рұқсат етіледі.
– Мен жануарларды өзім үшін ұстаймын. Жазда иттермен аң аулаймын – дәстүрлі түрде қазақ үшін аң аулау мен шаруашылықта жабайы құстарды айдайтын тазы иттер, қасқыр ала алатын күзетші және бақташы төбет иттер болуы керек. Қар түскенде құстармен аң аулаймын. Қазақтың дәстүрлі қарусыз аң аулау толыққанды болуы үшін ат алуды армандаймын, бірақ әзірге мен үшін оны қала жағдайында ұстау қиын.
https://informburo.kz/stati/sotrudnik-astana-su-arnasy-rasskazal-ob-uvlechenii-kazahskoy-ohotoy-s-be...