Абайлаңыз, сүзгілер! Астанада сүзгілерді сатушылар өздерін су құрамы бойынша сарапшылар деп санайды.
Абайлаңыз, сүзгілер! Астанада сүзгілерді сатушылар өздерін су құрамы бойынша сарапшылар деп санайды.
Фото с сайта www.izhlife.ru
Олар дистилденген суды тазартылған су деп береді және судағы минералдар мен тұздар зиянды деп айтады.
Кейбір «сарапшылар» Астана қаласының көптеген тұрғындарының пәтерлеріне барып ауыз судың сапасын тегін тексеруді ұсынады. Өз үйінде тексеруге келіскен сенімді қалалықтар нәтижесі таңғалдыратын тәжірибе көрерменіне айналады. «Зерттеушілер» бірнеше минут ішінде «клиенттер» ішетін су қауіпті қоспаларға толы және қолданар алдында тазалауды қажет екендігін көрсетеді. Сарапшылар шын мәнінде сауда өкілдері екенін түсіну оңай, олардың мақсаты – сүзгі сату. Суды "тексеру" деп аталатын бұл – оның минералдануы мен электр өткізгіштігінің дәрежесін анықтаудың демонстрациясы. Тәжірибе үшін ыдыстарға судың әртүрлі сынамалары, әдетте, су құбырынан алынған су, бөтелкеленген және, әрине, "өздерінің" жарнамаланатын фильтрден шыққан су үлгісі құйылады. Іс жүзінде қарапайым дистилденген су болып табылады.
Бірінші кезекте сауда өкілі сұйықтықтың электр өткізгіштігін өлшейтін арнайы құралды суға түсіреді. Әрине, өлшеуіш судың минералдануына және температурасына байланысты әр түрлі сандарды көрсетеді. "Сарапшы" өзімен бірге әкелген суда бұл сан нөлге жақын. Бұл дистилденген судың құрамында іс жүзінде минералдық тұздар мен микроэлементтердің жоқтығының көрсеткіші. Ал шақырылмаған сарапшылар суда аз мөлшерде тұз болуы тиіс және ол ағзаға қажет екенін айтпайды.
Сурет www.news.tut.by сайтынан
Суда қоспалардың барына көз жеткізу үшін электролиз қолданылады. Өкілдер зерттелетін судың сапасын анықтай алатын құралды (электролизерді) көрсетеді. Сыналатын суы бар стаканға екі қарама-қарсы зарядталған электрод – катод және анод орналастырылады.
Сурет www.news.tut.by сайтынан
Олардың көмегімен су арқылы электр тогын өткізеді. Осы процестің нәтижесінде суда сұрдан жасыл-қоңыр түске дейін үлпектердің түсуі байқалады. Мұндай химиялық процесс кезінде суда болатын тұз шөгіндіге түседі, оның түсі бойынша "зерттеушілер" судың құрамы мен "ластануы" туралы қорытынды жасайды.
Сурет www.news.tut.by сайтынан
Шын мәнінде, бұл құрал суда еритін тұздардың бар-жоғын көрсетеді. Электрод материалы электр тогының әсерінен ериді. Ал еріген өнімдер суда үлпектерді құрайды. Салыстыру үшін мұндай рәсім құрамында Н2О молекулаларынан басқа ештеңе жоқ дистилденген сумен жүргізіледі. Онда электролизердің жұмысын көрсету кезінде визуалды өзгерістер іс жүзінде байқалмайды, "зерттеушілердің" айтуынша, бұл – судың сапасы "жоғары" екенін білдіреді. Алайда, бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды. Дистилденген су ішуге жарамсыз.
Қарапайым сөзбен айтқанда, кез келген су – тұз ерітіндісі, және химиялық тұрғыдан таза – дистилденген суға қарағанда, электр тогының әсерінен тұнбаны қалдырады. Бұл физиологиялық толыққанды судың белгісі.
«Астана Су арнасы» МКК қызметкерлері ауыз суды тазалау үшін тұрмыстық сүзгілер ұсынбайды және орнатпайды.
o Біздің кәсіпорын № 209 "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты
үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының нормативтік талаптарына сәйкес халыққа ауыз су беруді қамтамасыз ететін ресурсты жабдықтаушы ұйым болып табылады.";
o Біздің мамандар тұрмыстық сүзгілерді сату мақсатында тұрғындардың пәтерлеріндегі су сынамаларының іріктемелерін жүргізбейді. Судың сапасы туралы қорытынды үшін ауыз судың сапасын бақылау үшін мемлекеттік аккредитациясы бар аттестатталған әдістемелерге сәйкес жүргізілетін сандық талдау нәтижелері ғана негіз бола алады.
Сурет www.news.tut.by сайтынан
Ауыз су әрдайым сапаға қойылатын нормативтік талаптар шегінде ерітілген тұздардың кейбір мөлшерін қамтиды. Олардың болуын кейбір физика-химиялық тәжірибелермен (электролиз, түссіз реагенттерді қосу) анықтауға болады. "Ғажайып-аспаптар" суда "ауыр металдар" және басқа да "зиянды" және "қауіпті" заттардың болуын емес, еритін тұздардың болуын ғана көрсетеді, ал өздігінен тағайындалған сарапшылар су құбырынан алынған және сүзілген судың сапасына қатысты адамдарды жаңылыстырады.
Сурет www.news.tut.by сайтынан
Егер сізге су құбыры суымен, түстің өзгеруі, тұнбаның түсуі немесе басқа да әсерлерге толы тәжірибелерді көрсетсе және бұл – су сапасының нашарлығының дәлелі екендігін пайымдаса, яғни қымбат жабдықты, дәлірек сүзгіні сату үшін, сізді алдағысы келеді.
«Астана Су Арнасы» МКК су құбыры суының сапасы мәселелерінде жариялылық мен ашық саясат жүргізеді. Астана қаласын орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен тұтынушыларға берілетін судың сапасы эпидемиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, барлық көрсеткіштер бойынша нормативтік талаптарға сәйкес келеді. Бұл туралы толығырақ осында және осында ақпарат ала аласыз.
https://informburo.kz/stati/ostorozhno-filtry-v-astane-prodavcy-filtrov-vydayut-sebya-za-ekspertov-p...