Халыққа жаңалықтар

Астанада сарқынды су қалай тазартылады?


Біз пайдаланған су қайда барады?

Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері «Астана су арнасы» кәріз тазарту құрылыстарында болып, ағынды суды тазарту кезеңдерімен, зертхана жұмысымен және мамандардың күнделікті еңбегімен танысты. Экскурсияның мақсаты – өндірістік үдерісті көрсету және кәсіби бағдар беру.