Халыққа жаңалықтар

Астанада су құбыры жаңартылуда

Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Досмұхамедұлы көшесінің Ақжол көшесінен бастап Алаш тасжолына дейінгі аралығында техникалық су құбыры қайта жаңартылып жатыр.

Бүгін жұмыс барысымен төмендегі лауазымды тұлғалар танысты:

▪️ Тимур Қосымбаев — ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы;

▪️ Ерсин Отебаев — Астана қаласы әкімінің орынбасары;

▪️ Ерлан Сыздықов — Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Жобаның жүзеге асырылу барысы туралы «Астана су арнасы» бас директорының бірінші орынбасары Ержан Шәріпов баяндады.

Ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын су құбырын жаңарту жұмыстары ЖЭО-1 мен өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен қамтамасыз ету сенімділігін арттыруға бағытталған. Жұмыстарды 2026 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.