«Астана су арнасы» МКК құрметті қызметкері Исмагулов Бельгібай дүниеден өтті.
«Астана су арнасы» МКК құрметті қызметкері Исмагулов Бельгібай дүниеден өтті.
«Насосты –фильтрлі станциясы» учатігінің басшысы 63 жасында өмірден кетті.
«Астана су арнасында» Исмагулов Бельгібай 39 жыл жұмыс істеді.
Бельгібай Юнусұлы білімі бойынша – инженер-құрылысшы. «Астана су арнасында» 1978 жылдан бастап жұмыс жасайды. Алдымен электриктік қызмет етті, кейін оны электросварщик оқуына жібереді. Бұл салада 11 жыл жұмыс жасады. Кейін бригадирлік, механиктік, соңғы 5 жылда участок бастығы болып қызмет етті.
Мекемеге қызметке тұрған жылдары Бельгібай Юнусұлы отбасын құрды. «Астана су арнасында» қызмет еткендей өмірлік жолдасымен де 39 жыл өмір сүрді.
Исмагулов Бельгібай бір сұхбатында: «Зейнетке шыққаннан кейін тағы бір жыл жұмыс істейтін болсам, өмірімнің 40 жылын «Астана су арнасына» арнаған болар едім», - деген еді. Әріптесіміз зейнетке 20 күн қалғанда өмірден өтті. Осы жылдың 27 наурызында әріптесімізге 63 жас толар еді.
Исмагулов Бельгібай инсульттан кенеттен қайтыс болы.
Қазіргі кезде «Астана су арнасында» ол кісінің қызы жұмыс істейді.
Исмагулов Белгібай Юнусұлының отбасына және жақындарына «Астана су арнасы» қызметкерлері орны толмас қайғыға ортақтасып, шын ниетпен көңіл айтады.