«АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК 8-ШІ НАУРЫЗ КҮНІН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ӨТКІЗДІ
«АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК 8-ШІ НАУРЫЗ КҮНІН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТПЕН ӨТКІЗДІ
«Астана су арнасы» МКК 8-ші наурыз күнін мерекелік концертпен өткізді.
«Астана су арнасы» әкімшілігінің бастамасымен мекемеде 7-ші наурызда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Талантты азаматтарымыз арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды, әндер айтып, би биледі, құттықтау сөздерін айтты.
Бұл күні «Астана су арнасы» бас директоры Табиғат Зейнұлқабден де аяулы аруларды құттықтауға асықты
«Бұл мерекені барлық елдерде өз сезімдерін қамқор аналар, үлкен және кіші сіңлі, қарындастар, апалар, сүйікті әйелдер мен құрметті әріптестерге жеткізу үшін асыға күтеді. Құрметті, аяулы, ханымдар Сіздердің отбасыларыңызға жайлылық, жылулық, қамқорлық және таусылмас әйел бақытын тілеймін»
Салтанатты іс-шара кәсіпорынның акт залында өтті. Мерекеге 100-ден артық кәсіпорын арулары шақырылды. Бұл күні аруларды азаматтарымыз акт залы алдында тосып, әрқайсысына ақ хризантема шоғын ұсынды.
Концерт жүргізушілері аруларға керемет шоу ұйымдастырды. Әріптесіміз, Өнім өткізу қызметінің заңгері – Еркебулан Искаков
Асқар Айбасов материалдық-техникалық жабдықтау мен мем.сатып алу қызметінің инженері де мерекеге көтеріңкі көңіл-күй атмосферасын сыйлады.
Бағдарламада конкурстар, жұмбақтар, әндер айтылды. Ал өте белсенді деген арулар сыйлықтар алды.
Іс-шараның резиденті Механикалық шеберхана токарі – Василий Иванович пен КОС қызметінің слесарі (кәріздік тазарту құрылыстары) – Серік Мусин болды. Василий Иванович 50 жылдық тәжірибесі бар баяншы, бұл күні аруларға әсерлі де, қызықты композицияларын ұсынды.
Серік Мусин Расул Гамзатовтың «Әйелдердің қолын сүйемін» атты өленің оқыды.
Барлықтарында концерттен кейінгі әсер өте керемет, мерекелік көңіл-күймен тарқасты. Қандай жақсы, бізде осындай керемет қуаныш сыйлайтын әйелдер мерекесі бар!