Новости населению

Белгібай Исмагулов туралы естелік

Белгібай Исмагулов туралы естелік

 

Белгібай Исмагулов туралы естелік

АСТАНАЛЫҚ, ОЛ ОНДАҒАН ЖЫЛДАР БОЙЫ ЖҰМЫС ОРНЫН АУЫСТЫРМАДЫ

 61 жас, «Астана су арнасы» МКК «Насосты-фильтрлі станциясының» участок басшысы

 «Астана су арнасында» 37 жыл қызмет етті


Білімім бойынша инженер-құрылысшымын. Ең алғашқы қызметім 1978 жылы «Астана су арнасына» жұмысқа орналасуымнан басталды. Алдымен электрик болып қызмет атқардым, кейін басшымыз электросварщик оқуына оқуға жіберді, бұл салада 11 жыл жұмыс істедім. Содан кейін бригадир болдым, механиктік қызмет атқардым, соңғы екі жыл бойы участок басшысы болдым.

Мекемеге жұмысқа тұрған жылы үйлендім. «Астана су арнасына» 37 жыл қызмет еткендей, өмірлік жолдасыммен отбасын құрғаныма 37 жыл болды.

Менің станция басшысы болғым келмеді, бірақ бір жылдан артық уақытша басшының міндетін атқарушы болып қызмет еттім. Лайықты кандидатура болмағандықтан, бас директорымыз басшылық қызметіне мені тағайындады, зейнетке шығуға әлі ерте болғандықтан мен осы қызметте қалуға келісімімді бердім.

Бұл өте жауапты жұмыс, себебі ТЭЦ-ті және қаланы сумен қамтамасыз етеміз. Сондықтан суды бес минутқа да сөндіре алмаймыз, әсіресе қысты күні, өйткені сусыз су қазандары қатты қызып кетеді. Біз тәулік бойы жұмыс істейміз, мереке және демалыс жоқ, кез-келген уақытта қалта телефоны қолымызда болуы керек.  Бұл міндеттемелерге қарамастан өз жұмысым маған ұнайды.  Менің қарамағымда 107 адам, және де олардың әрқайсысы немен, қалай өмір сүріп жатқанын білуіміз керек.


0C1A1255.JPG

       Менің әкем жастайымнан жұмысқа және біреудікін алуға болмайды деп үйреткен болатын. Өз балаларыма да осындай тәрбие беремін. Мен дәнекерлеушілік қызметін істеп жүргенде бір айға іс сапарға кеттім, сол жақта маған жұмыс, тіпті пәтер де ұсынғандар болды. Әйеліммен ақылдаса келе өз жұмысымда қалуға бел байладым.

Бірақ «Астана су арнасында» 30 жылдан артық қызмет етемін деп ойламаппын. Бастапқыда, жас жігіт, 23 жасар бозбала, қаланың екінші бір шетінде пәтер жалдап тұрдым, бұл жұмыс орнымнан өте алыс болды. Бұл жағдай маған ұнамайтын, кейін мекемеден пәтер берілді, барлық қиындығым осымен кетті.

Өте қиын кезендер де болды, жалақыны да уақытымен алмай немесе аз алған кезіміз де болған. Менің әйелім ауыл шаруашылық институтында жұмыс істеп жүргенде жалақысы менен де көп болатын. Ал, ол зейнетке шыққан кезде менің жалақым одан екі есе көп болды. Бәрі де өз уақытымен: еңбек өтіліміне қарай жалақым да өсті, мекемеден үш комнаталы пәтер алдым. Пәтер ала тұра басқа мекемеге жұмысқа кетіп қала алмадым, ол мен жақтан дұрыс болмас еді. Сондықтан мен барлық жан тәніммен жұмысқа кірістім. Менің жұмысым бағаланды: марапаттау қағаздары және ауыл шаруашылық министрлігі мен мекемеден алған медальдарым бар. Бірнеше рет қымбат сыйлықтар алдым, соңғы сыйлықтарымның бірі – теледидар болатын. Казір  «Астана су арнасында» менің қызым қызмет етеді. Менің екі немерем және жиендерім бар.



Егер де мен зейнетке шыққанннан кейін тағы да  бір жыл қызмет етсем, онда Еңбек кітапшама өмірімнің 40 жылын «Астана су арнасына» арнадым деп жазуға болар еді.
0C1A1253.JPG



http://weproject.kz/ -парталы үшін 2016 жылы дайындалған материал.