Сорғы-сүзгіш станциясының қызметі жөнінде
Сорғы-сүзгіш станциясының қызметі жөнінде
Астана қаласының сумен жабдықтау жүйесі көптеген мәселелерді еңсеру мен өзгере және жетіле отырып, дамудың 55-жылдай астам уақытынан өтті.
Сорғы-сүзгі станциясының құрылысы 1965 жылы басталған, ал бұған дейін қала ауыз сумен екі көзден жабдықталып тұрған: скважиналық су жинағыш, ондағы су су құбыры желілеріне қосымша тазартусыз таратылған және шағын тазарту құрылыстары – екі тұндырғыш пен бес арынды сүзгіден тұратын су жұмсартқыш. Бұл құрылыстарға бастапқы су Есіл өзенінен беріліп тұрған.
2011 жылғы 02 маусымда жапон жобасы бойынша «Аларко»түрік фирмасы салған өнімділігі тәулігіне 105 мың м3 №2 блок пайдалануға енгізілді, ол сорғы-сүзгі станциясының өнімділігін тәулігіне 300 мың м3 дейін ұлғайтуға жол берілді.
Су сапасының мәселесі барлық әлемде өзекті, сондықтан су тазарту құрылыстарында қолданылатын химиялық реагенттердің көп түрлері әзірленген.
Сорғы-сүзгі станциясының ұйымдасқан және тәртіпке салынған жұмысы адамдар санына, біліктіліктері мен қасиеттеріне байланысты. Инженер-механик Исмагулов Б.Ю. (07.03.2018ж. дүниеден өтті, Сорғы-сүзгі станциясында соңғы бес жыл бойы басшылық қызмет атқарды)
инженер-энергетик Васильев Ю.В., Еспенко хлораторшылардың отбасылық әулеті, газ электр дәнекерлеуші Соколов Ю.Н., коагулянтшы Асаинова Р.К., хлораторшылар: Еспенко В.Д. және Платонов В.З., сорғы станциясының машинистері Шилова Н.П. және Андрюшечкина О.А., ауысым бастықтары: Кострова А.В. және Степанов А.А., инженер-технологтар Досжанова Ж.Ж. және Смолкова Т.Н., инженер-механик Шмидт В.А., цехтік кәсіподақ комитетінің төрағасы Тюрменко В.В. және тағы басқалары көп жылдар бойы ұжымның ұйытқысы болып келеді.
инженер-энергетик Васильев Ю.В.
Еспенко В.А.
газ электр дәнекерлеуші Соколов Ю.Н.
Кусаинова Г.Т.
Досжанова Ж.Ж.
Смолкова Т.Н
Ауысым бастығы Асқарова А.С., жетекші инженерлер Райымбекова С.Ж. және Брасова С.Р., БӨАжА инженерлері Исмагулов А.О. және Касьянов А.П., сүзгілердің операторлары Оспанова С.Е., Халиакпарова Ш.О., Диденко Ю.А., коагулянтшы Кусаинова Г.Т. сияқты жастар да ардагерлермен бірге қоян-қолтық жұмыс атқаруда.
Халиакпарва Ш.О.
Оспанова С.Е.
ССС қызметінің негізгі мақсаты – ол қаланы сапалы ауыз сумен, ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 өнеркісіптік аймақты техникалық сумен жабдықтау болып табылады, ССС ұжымы бұл міндетті абыроймен атқарып келеді.