Новости населению

«АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰРМЕТІНЕ 124 БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР БОЛАТЫН ҰТЫС ОЙЫН ОЙНАТЫЛДЫ

«АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰРМЕТІНЕ 124 БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР БОЛАТЫН ҰТЫС ОЙЫН ОЙНАТЫЛДЫ

 

«Астана су арнасы» МКК Наурыз мейрамы құрметіне 124 бағалы сыйлықтар болатын ұтыс ойын ойнатылды

Наурыз мейрамы құрметіне «Астана су арнасы» МКК халықтық ойын-сауық кеші өтті. Мерекелік іс-шара кәсіпорынның барлық бөлімдерін қамтыды. Мәдени-көпшілік іс-шара «Астана су арнасы» алаңында болды. Мұнда сахна құрылды, әр бөлім өздерінің мерекелік іс-шараға қатысты шығармашылық өнерлерін көрсетті. Қазақ халқының тарихы мен салтын баяндайтын концерттік бағдарлама бірнеше бөліктен тұрды. Өтім қызметі, ССС, КОС, АДС, СГМ, Кәріздендіру қызметі және т.б. шығармашылық өнерлері бар әріптестеріміз ат салысты.


- (48).jpg       - (41).jpg
- (4).jpg       - (5).jpg

- (6).jpg       - (19).jpg

Сонымен қатар, артистік қабілеті бар қызметкерлерге бағалы сыйлықтар берілді. Әділ қазылардың шешімі бойынша шығармашылық өнерлерін өте жақсы көрсеткені үшін 1 орын ССС қызметкерлеріне берілді. Командаға жүлделі орынға сыйлық ретінде – тоңазытқыш берілді. Екінші орынды Өтім қызметі иеленді. «Астана су арнасы» ұжымының атынан қысқа толқынды пеш сыйланды. Үшінші орынды КОС қызметі алды. Шығармашылық өнерлерін көрсеткені үшін бұл ұжымға – электрлі шәйнек сыйланды. Сонымен қатар дәстүр бойынша, барлық ниеттенген халыққа палау беріліп, лоторея ұтыс ойыны ойнатылды. Барлығы 124 дана бағалы сыйлық болатын ұтыс лоторея ойыны ойнатылды, 2000 тг көлемінде 240 дана жеңілдетілген сыйлықтар берілді. 

- (71).jpg      - (89).jpg


Наурыз мейрамы –көктемнің жаңару мейрамы. Бұл мереке қазақстандықтар үшін құнарлылық пен достықтың мерекесі.

Наурыз деген атқа ресми түрде 1991 жылы наурыз айының 15-де ие болды. Елбасымыз 22 наурызды - «Наурыз мейрамы», күн мен түннің теңелу уақыты деп жариялады. Осы күннен бастап Республикамыздың барлық аймағында «Наурыз мерекесін» кеңнен тойлау басталды. Ежелгі наурыз мейрамы өзіннің ескі дәстүрлер сабақтастығын сақтай отырып заманауи өмірге бейімделе кірігіп кетті.