СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
Шайкенов Дисембай Бейсембаевич
Сумен жабдықтау қызметінің басшысы
Уақыт қаланың өміріне де, кәсіпорынның өміріне де өз түзетулерін енгізеді. 2002 жылғы 20 желтоқсандағы № 1185 бұйрыққа сәйкес «қаланың су құбыры желілері мен құрылыстарын басқаруды жетілдіру мақсатында» және Есіл өзенінің сол жақ жағалауында инженерлік желілердің тездетілген құрылыстарына байланысты сумен жабдықтау қызметі құрылған. Қызметтің негізгі міндеттері:
1. Сумен жабдықтаудың желілерінің барлық элементтерінің – су жинағыш колонкалар су құбыры желілері және олардағы құрылыстар, резервуарлар, су арынды мұнаралар, сорғы станцияларының үздіксіз, сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз ету. Астана қаласының барлық тұтынушыларын қалаға қосылған кенттерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
2. Негізгі және айналым қаражаттарын тиімді пайдалану.
3. Өндірісті және оның техникалық жабдықталуын жетілдіру.
4. Өндірістің және кәсіпорын басшылығының техникалық мәселелерін уақтылы және сапалы шешу.
5. Кәсіпорынның техникалық жабдығын жұмыс қалпында ұстау.
6. Су жинағыш ұңғымалардың тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету.
Сумен жабдықтау қызметінің құрамына: № 1 жөндеу-пайдалану учаскесі (ЖПУ-1), № 2 жөндеу-пайдалану учаскесі (ЖПУ-2), № 4 жөндеу-пайдалану учаскесі (ЖПУ-4), «Су жөндеу және су өлшегіштерді орнату» учаскесі енеді, мұнда «Көктал», Интернациональный және Күйгенжар кенттерінің, Мичурино, «Илинка» к., 40-шы станциясы, Тельман к., Промышленый к., Комсомольский к., Шұбар ы/а су құбыры желілері мен САС құйылады. Сумен жабдықтау қызметінде 158 адам жұмыс істейді, қызмет көрсетуде 9 су құбыры сорғы станциялары, 87 тарту сорғы станциялары бар, қала бойынша су құбыры желілерінің саны – 1297 км.
Сумен жабдықтау қызметіне ұйымдастыру және басшылық ету лауазымында мол тәжірибесі бар, кәсіпорынның білікті және жауапкершілігі мол басшыларының бірі – Дисембай Бейсембаевич Шайкенов басшылық етеді. ЖПУ-1 Алматы ауданына қызмет көрсетеді, басшысы –Асан Бахитжанович Дарбаев
ЖПУ-2 Сарыарқа ауданына қызмет көрсетеді, басшысы Игорь Николаевич Костишин
ЖПУ-4 Есіл ауданына қызмет көрсетеді, басшысы – Марат Кенесович Айманов.
Бұлар қуатты, білікті әрі үміт артатын жас мамандар.
2005 жылдан бастап үшінші көтергіш су құбыры сорғы станциясына қызмет көрсетуге аға мастер, 1990 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген, инженер-электрик Сагадат Сатбаевич Дюсебеков тағайындалды.
Учаскеге Мичурино және Интернациональный к. су құбыры желілері мен ұңғымаларын берді, кейін онда екі 200 м3 резервуарлары бар екінші көтергіш станциялары салынды. Нысанда мастер Сансызбай Рахимович Омурзаковпен бірге 12 адам еңбек етеді, оның ішіндегі үшеуі 2001 жылдан бері қызмет жасап келе жатқан тәжірибелі мамандар. Олар ССС машинистері: Канафин Б.К., Айкенов К.О., слесарь Бородин С.Л., 40-шы станциясында қазір бригадир Ващило М.Н. Ол 4 слесарь мен 45 машинистен тұратын бригадаға басшылық ететін жас маман. ССС машинистері: Колобова Р.И. және Антоненко А.В., Тащеев П.С., Сыздыков И.Е., олар су құбыры желілері мен сорғы станциясын жұмысын қалпында сақтап тұр. Тартудың сорғы станцияларының саны 26-дан 86 ға дейін өсті. Бұл жауапты учаскеге 2000 жылдан бастап мастер Труш Николай Николаевич басшылық етеді, ол 1993 жылы көлік құрылыс институтын тәмамдаған.
Міне неше жылдан бері онымен бірге 18 слесарь қызмет етуде. Олар жұмыста үлкен тәжірибесі бар инженер-электрик Қайрат Мухаметкалиевич Исеновпен бірге сорғы станцияларына қызмет көрсетуде.
Аға мастер С.С.Дюсебеков пен оның көмекшісі ССС жөндеу бойынша слесарь, жас, атқарушы бригадир Камбар Даулетов жұмысындағы осал жерлерді анықтайды және алдын алу жұмыстарын уақтылы жүргізіп отырады.
Сонымен қатар, Тельман к. жаңа сорғы станциясы қолданысқа берілді, өнімділігі 100 000 куб м/сөткесіне, 4 сорғы агрегаттарымен жабдықталған.
ЖПУ 1, ЖПУ 2, ЖПУ 4 мастерлері қаланың барлық су құбыры жүйелерін және қай жерде қандай трубалар төселіп, ол трубалардың күй-жайының қандай екенін біледі. Олардың жұмысын «қауырт» деп атауға болады, олар бригадаларымен бірге сөткелеп бекетте тұрады, себебі ескі желілер жоспарлы қайта салудан бұрын қатардан шығатын кездері болады.
Жөндеу-пайдалану учаскелері су құбыры желілерінің, құбырлардың су жинағыш колонкаладың техникалық жағдайына жауап береді, үнемі құдықтарды тазартуды, ысырмаларды, өрт сөндіру гидранттарын тексеру мен ауыстыруды жүргізеді, су құбыры құдықтарының жағдайын бақылайды.
Учаскелердің қызмет көрсетуінде су құбырының 1297 км желілері, 1636 өрт сөндіру гидранттары жұмыс істейді, қала бойынша 210 су жинағыш колонкалар орнатылған. 12762 дана су құбыры құдықтарын күтіп ұстау және үнемі тазартып тұру, құдықтардағы 6023 дана ысырмаларды ауыстыру және жұмыс қалпында ұстау, су құбырының тірелген желілерін хлорлау, су жинағыш колонкаларды жөндеу, ауыстыру және тасқындарға қарсы іс шаралар сияқты ауқымды, күрделі және жауапты жұмыстарды орындаулары тиіс.
Бұл жұмыстардың түрлерінің барлығы қысқа уақытта күрделене түседі – ол біздің өңірдің климаттық шарттарына байланысты.
Бұндай көлемді, қиын, әрі жауапты жұмысты ЖПУ1, ЖПУ2, ЖПУ4 мастерлер мен участкі басшыларының басшылығымен слесарлары атқарады.