«АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ ТАЛҚЫЛАДЫ
«АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКК ЖАҢА СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ ТАЛҚЫЛАДЫ
«Астана су арнасы» МКК жаңа су құбыры құрылыстары жөнінде талқылады.
«Астана су арнасы» МКК бас директоры Табиғат Зейнұлқабден кәсіпорынның бірінші орынбасарларымен бірге «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» ӨМК басшылығымен кездесті.
Астана қаласының сумен қамтамасыз етілуін арттыру мақсатында Иртыш каналынан-Қарағанды-Вячеславск су қоймасына дейін су құбыры құрылысы жөнінде талқылау жүргізді.
Естерінізге сала кетейік, табиғи сулардың шамалы көлеміне ие Ақмола облысы Республикамызда су ресурстары жөнінде соңғы орын алады. Бүгінгі күні аймақтың дамуына өзіндік су ресурстарының жетіспеушілігі үлкен кедергі болып табылады.
Сонымен қатар, 2001 жылы маусымда кешеннің құрылысы аяқталды, (№ 19 сорғы бекеттерінен) Каныш Сәтпаев атындағы каналдан Нияз тауы асуы арқылы су Есіл өзенінің жоғарғы жағына жіберілді. Жоғарыда айтылған құрылыстар кешеніне сәйкес жылына 90 млн м3 су КиКС-тан алынып Есіл өзенінің жоғарғы жағына құйылып отырған. Вячеславск су қоймасына дейін су өзен арнасымен 100 км қашықтыққа тасымалданды. «Астана су арнасы» МКК мамандарының байқауынша Есіл өзенінің жоғарғы жағына жіберілген судың көлемінің жартысы ғана Вячеславск су қоймасына жетті. Сол кезде су құбырын тікелей Астана қаласына дейін жеткізуге мүмкіндік болған жоқ. Дегенмен, бүгінгі таңда мамандар Ертіс каналынан -Қарағанды Вячеславск су қоймасына дейінгі су құбырының құрылысын қарастыра бастады. Қазіргі уақытта тараптар әлеуметтік жобаны зерттеуге кірісті.