Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларына арналған «Су – өмір нәрі» байқауы

 

Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларына арналған «Су – өмір нәрі» байқауы

Конкурс2_каз-01.jpg

Су тапшылығы жер шарындағы ең басты экологиялық мәселе. Ғалымдар 30 жылдан соң ішуге жарамды су мөлшері екі есе азаяды деген болжам жасауда. Осының алдын алу үшін, әрқайсымыз қазірден бастап таза суды сақтауға үлес қосуымыз керек.

Суды не үшін үнемдеу керек екенін және оны сақтау үшін қандай амалдар жасап жүргеніңді айтып бер. Жеке кеңестеріңмен және лайфхактарыңмен бөлісуіңе, суды сақтауға қатысты әлемдік мысалдарды келтіруіңе немесе қызық фактілерді айтып беруіңе болады.

Ең жарқын, дарынды және өткір жұмыстарды қабылдаймыз! Жер бетіндегі суды сақтауға атсалыс!

Бас жүлде – Monster Beats EP құлақаспаптары!

Байқау санаттары:

1-7-сынып – «Суды үнемдемесе, ғаламшарда не болады?» тақырыбындағы сурет;

8-12-сынып – «Судың үнемдеудің маңызы қандай?» тақырыбындағы шығарма/эссе.

Жұмыстарыңды келесі поштаға жіберіңдер: gkp@astanasu.kz