Метрология


Астана қаласында су құрылғыларын тексеру

 

Өлшеу құрылғыларын тексеру – мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар сәйкестікті анықтау мен растау мақсатында өлшем құралының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сай екендігін анықтайтын операциялардың жиынтығы.

Егер айтсақ, «Қиынның оңайын» тексерумен ұқсастырып көрейік, мысал ретінде барлығына белгілі сағаттың тексеру рәсімін алсақ неғұрлым дәл болады. Және бұл шындыққа сәйкес, өлшем құралдары өз «барысын» эталондармен салыстырады – қорғаушылары жоғары дәлдік. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік уақыт пен жиілік эталоны неғұрлым дәл болып табылады. Бірақ, құрылғыларды тексеру мен сағатты тексерудегі ұқсастық осымен аяқталады.

Су құрылғыларын тексеру қажеттілігі ҚР заңнамасымен анықталады

ҚР заңы № 53-11 2000 жылғы 07 маусымнан «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңның 19-бабының 1 т. «Мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын барлық өлшеу құралдары (ӨҚ) қолданысқа берілу кезеніне дейін, импорт бойынша әкелінгенде, олардың түрін бекіткеннен кейін, олардың өндірістен немесе жөндеуден шығу кезінде тексерістен өтеді, немесе метрологиялық аттестаттау мен мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тіркеу тізімінде».

  • · ҚР Үкіметінің қаулысы № 832 05.06.2009 «Елді мекендерде сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін пайдалану Ережесі». 55 т. Есепке алу құрылғыларын мынадай жағдайда кезектен тыс тексерістен өткізеді:
  • -         Тексеру аралық интервалын түзету қажет болған жағдайда;
  • -         Қолдануға жарамдылығын растау қажет болғанда;
  • -         Пластикалық пломбалардың немесе өзіндік жабысқақ лейблдің зақымдалғанында;
  • -         Бастапқы немесе мерзімді тексерістің өткенін растайтын құжат жоғалған жағдайда.

 

Құрылғыны тексеру не үшін қажет?

Есептегіштер пайдалануға жарамды және су көрсеткіштерін дұрыс санайтындығын анықтау үшін су құрылғыларын тексеруден өткізіп отыру қажет. Бұл ресурстарды қамтамасыз ету мекемесіне ғана емес, су есептегіш көрсеткіштері дұрыс емес екендігін анықтау үшін және қажетті төлемнен артық төлемеуі үшін   тұтынушының өзіне де қажет. Зақымдалған есептегіш құрылғысын қолдану пәтер иесінің пайдасына ғана емес, сондай-ақ су беруші мекемеге де пайда әкеледі, себебі құрылғының көрсеткіштері қате болады. Сондықтан кез келген жағдайда құжатпен бекітілген ережелерді сақтау қажет. Есептегішті тексеру құрылғының жұмысқа жарамдылығын қадағалауға мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді.

ӨҚ тексерудің негізгі мақсаты - ауытқуды дер кезінде анықтап, немесе олардың техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкес екендігін растау. Бұл материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық есептегіштер түрлерінің шынайы есепке алынуын қамтамасыз етеді, азаматтардың мүддесін және еліміздің экономикасын қате өлшемдердің салдары нәтижесінен қорғайды.

Сондықтан, «Астана су арнасы» МКК сумен жабдықтау және кәріздендіру қызметі жүргізілетін комерциялық есептесуге арналған өлшеу құралдарын пайдаланылатын барлық жеке және заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер уақытымен тексеруді жүргізіп отыру қажет.

Тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет өткізеді, сондай-ақ заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері (мамандандырылған ұйымдар), белгіленген тәртіппен (тиісті тексеру базасы, аккредиттелген зертхана, білікті мамандар болған кезде) стандартталған аккредиттелген уәкілетті, мемлекеттік метрология және сертификаттау органдары (стандарттау, метрология мен сертификаттау комитеті, Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігі).

Тексеру оң нәтиже берген кезде өлшем құралдарын таңбамен немесе тексеру туралы сертификатпен куәландырады. Өлшеу құралдарының белгіленген метрологиялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда «өлшеу құралдары жарамсыздығы туралы акт» толтырылады. Өлшеу құралдарын тексеру аралықтарын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді (техникалық реттеу және метрология Комитеті). Су есептегіштерінің тексеру мерзімімен танысу туралы ақпарат https://kazinmetr.kz. сайтында көрсетілген.

Есепке алу құрылғыларын тексеру үшін ақы төлеу рәсімі

Пәтердегі су есептеуіштері тұрғын үй иесінің меншігі болып табылады, сондықтан, есептегіштерді тексеру, ауыстыру, жөндеу және басқа да жұмыстарды үй иесі өз қаражаты есебінен жүргізеді. Қандай уәкілетті ұйымның тексеру қызметіне жүгінседе үй иесі өз бетімен шешеді, тек бір шарт - тексеруді заңмен берілген уақыт пен акредиттелген тексеру құқығына ие зертханаларда жүзеге асыру қажет.