ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА
Заңды тұлғалармен келісім шарт жасасудың тәртібі
Заңды тұлғаларға «Сумен жабдықтау және/немесе суды бұру қызметтеріне арналған Келісім шарт» жасасу үшін Абая көшесі 103 үй «Астана су арнасы» МКК Су-техникалық инспекцияна хабарласуы қажет, тел.: 37-44-51, каб. 207
Су-кәріз қызметтеріне Келісім шарт жасасу үшін Тұтынушыға қажетті құжаттар:
1. Келісім шарт жасасу туралы өтініш жазып, төмендегілерді көрсету қажет:
· Мекеменің толық атауы, заңды мекен-жайы, телефоны;
· Келісім шарт жасасатын обьектінің мекен-жайы;
· Орнатылған санитарлық-техникалық құрылғылардың саны;
· Жұмыс уақыты, мекеме салалары;
· Банктік деректемелері;
· Мекеменің бірінші басшысының аты жөні;
· Құжаттар көшірмесі;
· Мүліктің меншік құқығын растайтын құжат (сатып алу-сату келісім шарттары, БТИ куәлігі, үлестік қатысы, қабылдау туралы акт)
2. Құқықтық құжаттар:
- салық төлеушінің куәлігі;
- заңды тұлғаны тіркеу куәлігі (патент, лицензия);
- статистикалық карта;
- жеке кәсіпкер үшін жеке куәлік.
Кіріктірілген үй-жайларға қосымша:
-үлестік келісім;
- құрылыс компаниясынан меншік иесіне үй-жайларды қабылдау және беру актісі;
- БТИ, ЦОН-ға үй-жайларды тіркеу.
Құрылыс жүріп жатқан жеке тұрған обьектілерге қосымша:
- сәулет департаментінен құрылысқа рұқсат, бұру құрылысына арналған әкімдіктің шешімі;
- обьектіні пайдалануға берілу актісі;
- техникалық шарттар, құбырды гидравликлық сынақтан өткізу, дизенфекциялау және жуу;
- желілердің атқарушы құжаттары;
- шекараларды бөлу актісі.
Жаңадан қайта жабдықталған пәтерлер кеңсе, дүкен, шаштараз, нотариус кеңселері үшін жән т. б. қосымша:
- обьект иесі екендігін растайтын құжат (сатып алу-сату шарты, БТИ куәлігі, үлесті қатысы, қабылдау туралы акт);
- қайта құруға сәулет департаментінен рұқсат, қайта құру туралы шешім;
- обьектіні пайдалануға берілген актісі.
Үй-жайды жалға алушыларға су-кәріз қызметтеріне келісім шартқа қосымша:
- үй-жай иесіне (сатып алу-сату шарты, БТИ куәлігі, үлесті қатысы, қабылдау туралы акт) обьектінің меншік құқығын растайтын құжат;
- үй-жайды жалға алу туралы келісім шарт:
- жалға алушы мен жалға берушінің арасындағы «Астана су арнасы» МКК нысанымен бекітілген келісім шарт;
3. Тұрғын үй кешендерінің, жеке үй-жайлардың сумен жабдықтау және кәріз желілеріне (техникалық жағдайына) қосылуға рұқсат алу үшін техникалық құжаттама:
- Астана қаласының әкімдігі обьектіні салуға жер бөлу туралы шешім;
- Астана 1:500, 1:2000 масштабында орналастыру үшін жағдайлық жоспарымен жер телімін таңдау және бекіту актісі;
- Бекітілген нысандағы өтініш, онда қабаттар саны, пәтерлер, кіріктірілген үй-жайлардың атауы, сумен жабдықтау және кәріздің күнделікті қажеттілігі, обьектінің атауы мен мекен-жайы, байланыс телефоны.
4. Қосымша санитарлық –техникалық құрылғылар қойылғанда:
Қосымша санитарлық-техникалық құрылғыларды орнатпас бұрын су және кәріз қызметтері үшін жасалған келісім шартқа қосымша енгізу қажет. Ол үшін Тұтынушыға қосымша сантехника үшін келісім шарт жасасуға өтініш беруі қажет.
5. Су және кәріз қызметтеріне келісім шартты қайта құру үшін:
Тұтынушы иесі екендігін растайтын құжатты дайындап, өтініш беруі қажет.
Сумен жабдықтау және бұру көлемі есебі келісім шартқа қоса беріледі, ҚР құрылыс нормалары мен ережелеріне негізделген және Астана қаласы әкімінің 1998 жылғы 24 қазандағы № 3-1-572 т қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. (СНиП РК 4.01-41-2006).
Келісім шарт жасау үшін белгіленген үлгідегі бланкілер:
Келісім шарт жасасуға арналған
Қосымша келісім шарт жасасуға арналған
Ағынды суларды тазарту машиналарынан ағынды суларды қабылдау туралы келісім шарт жасасу үшін
Келісім шартты қайта жасасу үшін.