Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылу

СУМЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ СУДЫ БҰРУДЫ БЕРУ

Тұтынушының

сумен жабдықтау және суды бұру қызметі тәртібін

бұзғаны үшін болатын салдарлар туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру саласында, атап айтқанда тұтынушыда Қызмет көрсетушімен келісім шарт болмаған жағдайда, суды есептегіш құралдарының жоқтығы және суды есептегіш құралдарының пломбасы үзілгенде берілген қызметтер көлемдерінің есептеу Методикасына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс жұмыстары жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығы келесі жағдайларда қарастырылған:

1.   Суда су есептегіш құралының жоқтығы немесе ақаулар болғанда –жойғанға дейінгі уақыттан суды толық өткізген кезге дейін. Егер ақаулардың қай күні болғандығын белгілеу мүмкіндігі болмаса онда соңғы тексеруден кейін (тексеруден) бірден орнату керек, бірақ екі айдан аспауы керек. (Методиканың 22 т., 2 т.)

2.   |Тұтынушының суды өлшеу құралдарының айналма сызығы (бекіту арматурасы), өрт сөндіру гидранттары немесе су есептегіш құралының пломбасы үзілгенін байқаған кезде – су құбырын толық өткізу қабілеттілігі бойынша енгізу немесе өрт сөндіру гидранттарының суды өлшеу құралдарын соңғы тексеру кезінен бастап немесе Қызмет көрсетушінің өкілімен өрт сөндіру гидранттарын қайта пломбылау кезіне дейін, бірақ екі айдан аспауы керек. (Методиканың 22 т., 4 т.)

2.1.         Егер Тұтынушының суды есепке алу құралының схемасын бұзған фактілері анықталған болса, басқару түйіндері мен су есептегіштердегі пломбаның үзілуі, орнату құрылғылары, су есептегіштердегі судың көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі, соңғы тексеру жұмыстары жүргізгеннен бастап айырмашылық анықталған күнге дейінгі суды пайдаланғаны үшін қайта есептеу жүгізіледі, бірақ екі айдан аспауы керек, құбырдың толық қуатына қарай басқару орталығы тәулігіне 24 сағат (2015 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бекітілген № 266 бұйрығы 18 т. сумен жабдықтау және кәріздендіру туралы келісім шарт)

Мысал ретінде пломбының үзілуі туралы факт анықталған жеке меншік пәтерді алайық, соңғы көрсеткіштерін берген кезден бастап пломба үзілгендігі анықталған уақыт аралығына есеп жүргізіледі.

Есептеу: 29,28 м3/сөткесіне х 6 дней = 175,68 м3 х 89,27 теңге = 15 683 теңге.

3. Сумен жабдықтау және суды бұру қызметі бойынша Қызмет көрсетушімен келісім шарт жасаспай елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесіндегі сумен қолданғандығы туралы фактысы анықталған болса – құбырдың толық қуаттылығы бойынша нақты пайдалану кезінде рұқсатсыз қосылу туралы анықталған (ажырату) сәтіне дейін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге дейін (Әдістеменің 22 т. 7 тт.)

Мысал ретінде келісім шарты жоқ суды жабдықтау және суды бұру қызметін қолданған заңды тұлғаны алсақ, құбыр диаметрі =15мм, 90 күнтізбелік күнге есептеу жасалады.

Құбыр арқылы аққан су d=15 мм = 1,22 м3/сағ х 2 енгізу = 2,44 м3

Шығын есебі 2,44 м3/сағ х 24 сағ/тәулігіне х 90 күн = 5 270,4 м3

Ауыз суды өз еркімен қолданғаны үшін төлем:

5 270,4 м3 х 201,72 теңге = 1 063 145 теңге.

Ағынды су үшін:

5 270,4 м3 х 225,60 теңге = 1 189 002 теңге

Барлығы: 2 252 147 теңге.

Ескеру: есептеу құбырдың диаметріне, құбырдың қандай материалдан дайындалғаны, сонымен қатар сумен жабдықтау және суды бұруға қойылған тариф (жеке немесе заңды тұлға)

4. Тұтынушының сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің қанағаттанарлықсыз техникалық күйінде және қызмет көрсетушінің түрлі ақаулар мен бұзушылықтарды жою үшін жазбаша талаптарын орындамауы, тұтынушыға толығымен немесе ішінара су берілу тоқтатылады. (2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен бекітілген елді мекендерде сумен жабдықтау және суды бұру жүйесін қолдану ережесі 30 т. 3 тт.).