ҚАЙТЕ ЕСЕПТЕУ РЕГЛАМЕНТІ
Құрметті тұтынушылар!
1. Қайта есептеудің барлық түрі тұтынушының арызы негізінде жүзеге асырылады, ол үшін сумен қамтамасыз ету және суды шығару бойынша жасалған жеке типтік келісімшарттың болуы шарт, ол қосымша құжаттардың көшірмесі түпнұсқа негізінде өткізу бөлімінің қызметкерімен куәландырылған («түпнұсқамен сәйкес келеді» деп жазылады және қолы, сондай-ақ тапсырылған күні) жазылады.
2. Қайта есептесу арыз жазылған сәттен бастап жүзеге асырылады.
3. Пәтердің иесі ауысқан жағдайда, арызбен бірге пәтерге иелік ететін құжаттардың көшірмесі, азаматтық тіркеу куәлігі (түпұсқамен бірге). Жеке куәлігі арқылы жеке типтік келісімшарт жасалады. Үйдің жаңа иесімен қайта есептесу арыз жазылғаннан кейін жүзеге асады, бірақ үйді сатып алғаннан кейін 1 айдан аспауы керек.
4. Тұрып жатқан тұрғындардың санына байланысты қайта есептесу азаматтық тіркеу куәлігі негізінде контролермен барып тексеру (факт жүзінде тұрып жатыр немесе қызметтік хат туралы акт) арқылы орындалады.
5. Анықтамалардың барлық түрі бойынша қайта есептесу (ауруханадан анықтама, жұмыс орнынан анықтама, демалыс орнынан анықтама және т.б) бір ай көлемінде анықтамада көрсетілген соңғы дата бойынша қсептелінеді.
6. Пәтер тұрғындарының уақытша кетуіне байланысты, олардың болмауы куәландырылған құжат (іскерлік сапар туралы куәлік, миграциялық карта, аудандық және ауылдық акиматтардан анықтама, сумен қамтамасыз ету және суды шығару кәсіпорындарының немесе ПИК-ның анықтамасы) негізінде жүзеге асады.
7. Авиа және темір жол билеттерін арқылы есептес билетте көрсетілген соңғы күн бойынша бір ай көлемінде жүзеге асады. Автобус билеттері арқылы есептесу тұрған жерінен анықтама әкелу арқылы бір ай көлемінде жүзеге асырылады.
8. Адамның қайтыс болуы жағдайында азаматтарды тіркеу туралы куәлік арқылы жүзеге асырылады.
9. Басқа қалада оқу уақытында жылына екі рет (1-семестр және 2-семестр) оқу орнынан анықтама алу арқылы жүзеге асырылады.
10. Саяжай кооперативтері берген анықтамалар есептеу үшін жарамайды. Саяжайға кеткен уақытта су-бекіткіш арматураны пломбалау қажет, бұл пәтер ішіндегі жүйелер техникалық тұрғыда дұрыс жағдайда болуы үшін қажет. Саяжайда тұрған уақытта есептеу жүргізілмейді, егер су-бекіткіш арматураны пломбалау актісіне байланысты және пломбыны шешу актісіне байланысты, бұл актіні суды өлшеу қызметін атқаратын топ контролерә жасайды.
11. Пәтер тұрғындарының тұрмауына байланысты есептеу тек су-бекіткіш арматураны пломбалаған кезде ғана жүргізілмейді.
12. Шетелде болғаны туралы ресми құжат (консульдан алынған анықтама, жұмыс орнынан келісімшарт, оқу орнынан анықтама, тұрғын үй ұйымының тіркеуі, визасымен бірге паспорт) барлық құжаттар аудармашы арқылы орыс тіліне аударылуы керек.
Айтылған тәртіптер, арызды қабылдау шарттары және есептеу регламенті Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 07.12.2012жылғы №1822 «Коммуналдық қызмет көрсетуі» бойынша, азаматтарды тіркеу тәртібі заңымен көрсетілген.
Сумен қамтамасыз ету және ағын суларды қабылдау қызметтерін көрсету бойынша типтік келісімшарт Қазақстан Респуликасы Үкіметінің 28.11.2003 жылғы №1194 үкімімен бекітілген.
Сумен қамтамасыз ету және ағын суларды қабылдау қызметтерін көрсету бойынша жеке типтік келісімшарт жасау.
Келісімшарт кез-келген «Астана-ЕРЦ» ЖШС кез-келген абоненттік аймағында жасалады,ол үшін: пәтерге немесе үйге иелік ету туралы құжаттарының көшірмесінің (сату және сатып алу келісімшарты, азаматтық тіркеу туралы куәлік), РНН және үй иесінің жеке куәлігі болуы керек.
Тұтынушылардан арыздарды қабылдау тәртібі
Қайта есептеу арызды бергеннен кейін 30 күн ішінде және барлық құжаттарды әкелген жағдайда жүргізіледі.
Қайта есептесу себптері:
1. Жаңа үй иесі
2. Адам санының өзгеруі
3. Жайлы тұрғылықты жағдайдың өзгеруі, судың болмауы
4. Авиа және темір жол билеттері бойынша
5. Автобус билеттері бойынша
6. Уақытша болмау
7. Қайтыс болғаны туралы куәлік
8. Қарызбен келіспеушілік
9. Су қлшегіштердің көрсеткіштері.
10. Егістікті, бақшаны суару бойынша арыздар мамыр айы мен қыркүйек аралығында ғана қаралады.
Қажет құжаттар:
1. Пәтерді иелену туралы куәлік, азаматтық тіркеу туралы куәлік
2. Азаматтық тіркеу туралы куәлік
3. ПИК анықтамасы
4. Билеттердің көшірмесі келген уақыттан бастап 1 айдан кешікпей барып –қайту билеттері
5. Уақытша тұрған аймақтан анықтама немесе виза, билет көшірмелері
6. Ауруханадан және уақытша болған аймағынан анықтама, анықтамада көрсетілген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей;
7. Қайтыс болғаны туралы куәлік, азаматтық тіркеу куәлігі
8. Төленгені туралы түбіртек
9. Алғашқы және қайта пломбалу туралы акт, су қлшегіш бойынша барлық түбіртектер
Арызбен бірге құжаттардың түпнұсқасы болуы керек. Арыздар «Астана су арнасының» МКК абоненттік аймақтарында қабылданады. Мекенжайы Бөгенбай даңғылы,20(50); Абай даңғылы, 45 («Мерей Интер Конти» СО); Кажымұқан көшесі 8/1 (2 м-н 6 үй), Циолковский көшесі 1; Сауран көшесі 7г.
Тұтынушылардың анықтамаларды ретімен беру нұсқаулығы:
1. Анықтама тек пәтер иесіне ғана жеке куәләгін және пәтерді иелену туралы құжатын көрсеткен жағдайда ғана беріледі, немесе нотариалды куәландырылған тұлғаға беріледі.
2. Анықтама қызмет көрсету мен оны ЖШС «Астана-ЕРЦ»-ға төлеу бойыншы төлем тапсырылғаннан кейін ғана тұтынушылынң соңғы үш жылдағы түбіртектерімен (есептегіш құралдардың кқрсеткіштері бойынша төлем, су өлшегіштен көрсеткіштерді алу туралы акт жасалынуы керек), егер олар жоғалып қалған жағдайда үй иесінің арызы бойынша тіркеу базасына түскен төлемдерді 10 күн ішінде тексеру арқылы беріледі.
3. Қарыздарын көрсететін анықтама Циолковский 1 көшесінде орналасқан «Астана су арнасының» МКК №1 есептеу-абоненттік орталығында беріледі.
Аула аймақтарын суару
Жазғы су құбыры – жаз кезеңінде аула аймақтарын суару үшін жасалған тұрба желілерінің жүйесі.
Бұл жерге құрылғыларды орнату пітерлерге орнатылатын су өлшегіш құралдарға қойылатын талаптармен бірдей.
Сондай-ақ кез-келген сумен қамтамасыз ету жүйесі мен кәріздерге өз еркімен жалғауға тйымы салынады, сондай-ақөз еріктерімен қолдануңа да тыйым салынады.
Уақытша жазғы су құбырларын қаладағы жүйелерге қосу үшін қажет:
1. Суды қолдану және бұру бойынша жеке типтік келісімшарт жасасу,
2. Су құбырлар жүйесі бастығымен қосу және өшіру бойынша күні мен уақытын келісу, бұл бригаданы жіб еру үшін қажет.
3. Су құбыр жүйесінде өндірістік-техникалық қызмет барысында жаңа ойымдарды рәсімдеу үшін техникалық шарттар сұрастырылады, байланыстыру мұмкіндігі мен диаметрі анықталады, бригадаға сумен қамтамасыз су жүйелеріне су құбырларын жалғау үшін жасалған жұмысқа төленеді.
Суару жүйесін орнат және құрылғыларды орнату тұтынушының өз күші және өз қаражаты арқылы жүзеге асырылады.
Жаз уақытанда жазғы су құбырларын қосу туралы келісімді жыл сайын рәсімдеп отыру қажет.
Су бөлетін мұнаралары бар бағаналы құдықтарға қосуға рұқсат етілмейді.
Келісім тек суды және кәрізді қолдану бойынша қарыздан құтылғаннан кейін және шамамен мындай көлемде төленген кезде беріледі:
- 1 адамға -242,51 тг, айына мамыр айынан бастап 30 қркүйекке дейін;
- 1 сотка бақшаны суару – 1347,3 теңге барлық суару кезеңінде;
- 1 сотка егістікті суару – 2694,6 теңге барлық суару кезеңінде;
Бақшалар мен егістіктерді суару тәртібі:
- - тек түнде сағат 23.00-6.00
- Аптасына 2 рет