Цитата |
---|
Динара Отеубай написал: Сәлеметсіз бе! Осыдан бірнеше жыл бұрын мамамның счетын арестке қоцып тастаған судисполнитель Тұрсынхан Жақсылыков оны бәрін төлеп ашқан болғам заявление жаздым о прекрашений деятельности и расторгнула с вами договор енді осы жолы мамаиның счеттарын тағы арестовали білсек горводоканал неге?деген сұрақ туындап отыр Өтініш осыны біліп бересіз бе? |
Кәсіпорын Рыскелдинова Алтын Нахимжановнамен (ЖСН 500323400027) 24.10.2012ж. №10151 сумен жабдықтау және/немесе су бұру бойынша қызметтерді ұсынуға шарт жасалды.
Қолда бар берешектің бар екенін ескере отырып, Кәсіпорын 2015 жылдың басында МАЭС-қа Сізге қатысты 190 822 теңге мөлшерінде берешекті өндіріп алу бойынша талап арыз берді.
Атқару парағы жеке сот орындаушысы Ж.Тұрсынханға өндіріп алу үшін берілді, ол 03.02.2015ж. атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарды.
Астана қ. МАЭС шешімі бойынша 20.07.2017ж. өндіріп алынатын
190 822 теңге мөлшеріндегі берешек сомасын төледіңіз.
16.12.2020ж. атқарушылық іс жүргізу аяқталды, ол туралы ЖСО Ж.Тұрсынхан атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарды.
17.09.2021ж. жағдай бойынша 01.01.2014ж. бастап 31.12.2018ж. аралығындағы кезеңде өзара есеп айырысуды салыстыру актісіне сәйкес берешек 417 922,80 теңгені құрайды.
Аталған берешек сомасы 26.07.2021ж. атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулыға сәйкес ЖСО Ж. Тұрсынханмен өндіріп алынады.
Кәсіпорынның заң бөліміне жүгінген тұтынушының ұлы нысан ("Сабрина" дүкені) К. Байсейітова көшесі, 122, цоколь қабатында орналасқанын мәлімдейді.
Оның түсіндірмесіне сәйкес, үй ведомстволық болған, ҚР ІІМ теңгерімінде, олар аталған дүкеннің қызметін тоқтақан.
Тұтынушының ұлы кәсіпорынның заң бөліміне ауызша жүгінген кезде, оның дәлелдерін растайтын барлық қажетті құжаттармен бірге кәсіпорынның мекен-жайына жазбаша түрде жүгінуге ұсыныы берілді.
Қосымша: салыстыру актісі, 24.10.2012ж. №10151 шарт, ЖСО-ның 16.12.2020ж. атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы, ЖСО-ның 26.07.2021ж. хабарламасы, ЖСО-ның 26.07.2021ж. атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысы.
Толық ақпарат алу үшін заң бөліміне 76-76-11 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.