Компания жаңалықтары

Республика күні құтты болсын!

d5a25485-233d-42f2-83aa-c6a3ed5564b1.JPG
Құрметті қала тұрғындары!

 

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 25 қазан – халқымыздың тарихында ерекше орын алатын мереке, еліміздің тәуелсіздігіне бастау болған маңызды күн. Бұл мейрам біздің ортақ құндылықтарымызды, бірлігімізді және жарқын болашаққа деген сенімімізді нығайтады.

 

Сіздерге бейбіт өмір, мықты денсаулық және әр отбасыға амандық пен береке тілейміз. Ел іргесі берік болып, әрдайым ынтымақ пен татулық салтанат құрсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!