Жұмыс күнінің алдында медициналық тексерістен кімдер өтеді?
МКК «Астана Су Арнасының» медициналық қызметкерлері күнделікті сағат 7:00-ден 9:00 аралығында жұмысқа шығатын жүргізушілерді медициналық тексеруден өткізеді. Тексеру үш ірі нысанда жүргізіледі. Олар бас кеңсе, полигон және кәріз-сорғы станциялары. Медициналық қызметкерлер жүргізушілердің жалпы жағдайын бақылап, денсаулықтарын тексереді. Қан қысымын өлшеп, қан құрамында алкогольдің бар-жоғын анықтайды.Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкерлері жыл сайынғы жоспарлы медициналық тексеруден өтуде. Осылайша, МКК «Астана Су Арнасы» өз қызметкерлерінің денсаулығына баса назар аударып, қамқорлық танытуда.