«Астана Су Арнасы» диспетчерлері: қала тұрғындарының жайлылығын тәулік бойы бақылау
«Астана Су Арнасы» МКК Орталық диспетчерлік қызметінде Астана қаласының сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің үздіксіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ететін білікті мамандар қызмет атқарады. Бұл қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, су құбыры мен кәріз жүйелерінің техникалық жағдайын қадағалаумен айналысады.
Орталық диспетчерлік қызметтің негізгі міндеті - қаланың сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету. Кез келген ақау немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда, диспетчерлер жедел әрекет етіп, қажетті шараларды қолға алады. Осылайша, қала тұрғындарына таза ауыз су жеткізіп, кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштерін қабылдау және оларға жедел жауап беру - орталық диспетчерлік қызметтің басты міндеттерінің бірі. Мамандар тұрғындардың қоңырауларына жылдам жауап беріп, түскен ақпаратты тиісті қызметтерге бағыттайды.
Орталық диспетчерлік қызметінде жалпы 65 маман жұмыс атқарады. Олардың әрқайсысы қаламыздың сумен жабдықтау және кәріз жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.